Нашақорлық бұл әлеуметтік мәселе

Нашақорлық бұл әлеуметтік мәселе

Дүниежүзілік қауымдастық нашақорлықты  –  қазіргі заманның ең маңызды мәселесі деп санайды. Қазіргі уақытта бұл жағдай, өкінішке орай әлдеқайда нашарлады және нашақорлықпен күресу әдістері міндетті түрде нашақорлықтың алдын алу, қолданудың салдарынан туындайтын, әсіресе, ауыртпалы тәуелділіктің пайда болуы туралы ақпаратты кеңінен таратуды қамтуы керек.

Бұл психоактивті есірткіні кездейсоқ қолдану кезінде алдағы уақытта есірткіге тәуелді болып қалмайды, және де соның ішінде жиі қолданатындар қатары бұл халықтың осал тобы жастар болып табылады. Есірткіге масайып қалған кезде олар өз әрекеттерін басқара алмай қалады. Есірткіге деген  бұндай құштарлық қоғам ортасында қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Есірткіні инъекциялық енгізу кезінде жалпы шприцтерді, инелерді қолдану АИТВ- инфекциясы мен вирусты гепатиттің таралуына әкеледі. Бірақ та, өкінішке орай есірткіге тәуелді адамдардың өздері медициналық көмекке сирек жүгінеді.

Нашақорлықты – әлеуметтік -педагогикалық мәселе деп атауға болады, өйткені ол көбінесе жас буынды ортаны қамтиды. Орташа есеппен есірткіге тәуелді адамның жасы жыл сайын төмендеп келеді.

Қазіргі жастар қоғамында, жас азаматтар үшін, ерекше тартым болып келетін белгілі бір есірткі субмәдениеті енгізілген. Бұған, өздері кумир ретінде көретін жандардың ашық түрде жариялап айтуы және есірткіге қарсы тиімді үндеу насихатының болмауы ықпал етеді. Адам баласы психоактивті заттармен неғұрлым ертерек уақытта қолданып бастаса, соғұрлым оның есірткіге деген тәуелділігі тез дамитыны анықталды.

Қазір жастардың ауқымды тобы шұғыл түрде алдын алу көмек түріне жүгінуге мұқтаждық бар. Бұндай, есірткіге тәуелді жастар санының өсуі – бұл әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың жаңа түрлерін іздеуді талап етеді. 

«Шаг в будущее» Қоғамдық қордың маманы

Жиенбаева Алтын Камзийқызы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив