Мемлекеттік бажды есепке алу тәртібі мен төлеу тәсілдері

Мемлекеттік бажды есепке алу тәртібі мен төлеу тәсілдері

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бюджетке мемлекеттік бажды есептеу тәртібін түсіндіреді.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік бажды бюджеттің деңгейлері бойынша есепке алу жөнінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгертулер енгізілді.

Бюджет кодексінің 49-бабына енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж республикалық бюджетке есепке жазылады.

Мемлекеттік баждың қалған түрлері жергілікті бюджеттерге есепке алынады.

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына сәйкес мемлекеттік бажды төлеу үшін келесі бюджеттік сыныптама кодтары бекітілген:

108125 БСК «Республикалық бюджетке төленетін мемлекеттік баж»;

108126 БСК «Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж».

Осылайша, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж БСК 108125 есепке жазылады, ал мемлекеттік баждың қалған түрлері БСК 108126 есепке жазылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабы 2 және 3 тармақтарымен мемлекеттiк баж уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке жатқызылатыны көзделген. Мемлекеттік баж сомаларын бюджетке төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі.

Банк заңнамасына сәйкес төлемдерді бюджетке төлеу кезінде төлем құжатында міндетті түрде бенефициар-ақша алушыны көрсету көзделген. Мемлекеттік бажды төлеу кезінде төлем құжатында «Бенефициар» (ақша алушы) жолында уәкілетті мемлекеттік органның (заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген кезде) орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органы көрсетіледі.

Төлемдерді бюджетке есепке жазу үшін деректемелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (www.kgd.gov.kz) Ақпараттық ресурстар/Анықтамалықтар/Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары бойынша БСН және төлемдерді бюджетке есепке алу қатысты реквизиттер анықтағышы (кодификаторы) орналастырылған, онда мемлекеттік кірістер органдарының атаулары, кодтары және БСН көрсетілген.

Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, оның ішінде мемлекеттік бажды төлеу процесін оңайлату мақсатында салық төлеушіге төлеуді Банктердің электронды құрылғылары арқылы (банкоматтар, терминалдар, интернет-банкинг), "Электрондық Үкімет" порталы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитенінің «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасы, e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы төлем жүргізу мүмкіндігі берілген, мобильді қосымшада салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу «Салық әмияны»/ «Салықтарды реквизиттер бойынша төлеу» сервисі арқылы қолжетімді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив