Маңғыстаулықтарға чектің берілмегені және картаны қабылдаудан бас тартқаны туралы хабар бергені үшін 1,8 млн астам төленді

Маңғыстаулықтарға чектің берілмегені және картаны қабылдаудан бас тартқаны туралы хабар бергені үшін 1,8 млн астам төленді

Маңғыстау облысында «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет!» бақылау-кассалық машиналардың фискалдық чегін (БКМ) бермегені және банк картасын қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлаған азаматтарға 1,8 млн астам сыйақы төленді, сонымен қатар 1359 бұзушыға 1,7 млн теңге айыппұл салынды.

Тауарларды сатып алу кезінде фискалдық чектерді бермеу фактілері бойынша барлығы 2 мыңнан астам өтініш маңғыстаулықтардан келіп түсті, бұл ретте 500-ге жуығы расталмады, қалғандары бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Тауарлық-ақшалай есеп айырысуды растайтын құжат берілмегені үшін сатып алушы плюсте болу мүмкіндігі бар. WIPON CASHBACK қосымшасы арқылы бұзушылық туралы өтінім берген адамға телефон теңгеріміне мың теңге есептеледі. Сатып алушыға фискалдық чек берілмеген жағдайда сатушыға айыппұл салынады.

Бұл акция мораторий қолданылу кезеңінде қоғамдық бақылау құралы болып табылады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес, фискалдық чектерді бермегені үшін немесе төлем картасын қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік айыппұлдарды қарастыратын екі бап бар, яғни бастапқы бұзушылық кезінде – бұл ескерту болады, қайталама бұзушылық кезінде айыппұл түрінде санкция болады. Айыппұл сомасы бизнестің көлеміне байланысты», - деді МКД Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Мәдина Жақанқызы.

«Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» акциясына кез келген адам қатыса алады және бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы ала алады.

Жоғарыда анықталған бұзушылық фактілері туралы WIPON CASHBACK тегін мобильді қосымшасы арқылы оны App Store немесе Play Market-тен жүктеу арқылы хабарлауға болады.

Бұл ретте бұзушылық фактісін растау оның бейнесі немесе фото-фиксациясы арқылы жүргізіледі.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті науқанға қатыса отырып, бизнес субъектілерінің әрбір сатып алушыға чекті қолдануы және беруі міндеттілігінде белсенді азаматтық ұстаным танытуға, сол арқылы мемлекетті қолдауға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға өз үлесін қосуға шақырады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив