Жамбыл облысында екі адам жалған банктің чектерін көрсетіп, тауарларды сатып алып отырған

Жамбыл облысында екі адам жалған банктің чектерін көрсетіп, тауарларды сатып алып отырған

Азық-түлік дүкенінің иесі полицияға арызбен жүгінді. Әйел бір ай бойы екі жігіттің тауар сатып алып, жалған төлем чектерін ұсынып тұрғаны туралы хабарлады. Құқық бұзушылар смартфондағы қосымшаны пайдаланып, алушының аты-жөні мен төлем сомасын енгізіп, дүкен шотына ақша аударылғаны туралы чектерді қолдан жасаған. Осыдан кейін жігіттер сатушыға жалған түбіртекті көрсеткен. Келтірілген залалдың жалпы көлемі 110 мың теңгені құрады. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыстың 19 және 20 жастағы екі тұрғынын анықтады. Ұсталғандар өз кінәларын толықтай мойындады. Қазіргі уақытта келу туралы міндеттемемен босатылды. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті кәсіпкерлерді қырағы болуға және тауар үшін қолма-қол ақшасыз төлемді тек банк терминалдары арқылы қабылдауға шақырады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив