СҚО-да полицейлер балалардың сауықтыру лагерьлерінде кезекшілік атқаруда

СҚО-да полицейлер балалардың сауықтыру лагерьлерінде кезекшілік атқаруда

Қалалық ювеналдық полицейлер балалардың сауықтыру лагерьлерінде кезекшілік атқаруда. Тәртіп сақшыларының міндеті – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қалалар мен ауылдардың көшелеріндегі жолдарда болуы мүмкін қауіптер туралы ескерту.

Қалалық полиция басқармасының құрамындағы ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторлары «Ақ қайың» лагерінде демалып жатқан балалармен кездесті. Полиция қызметкерлерін тыңдауға әр түрлі жастағы жүзге тарта бала жиналды. Полицейлер балаларға қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік, жол үстіндегі қауіпсіздік туралы айтты. Атап айтқанда, олар жол ережелерін қатаң сақтауға және бала кезінен электрлі самокаттар мен велосипедтерді мінген кезде тәртіпті сақтауға, сақ болуға шақырды. Сондай-ақ балаларға түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс болғаны үшін қарастырылған жауапкершілік туралы еске салды. Бұдан бөлек, полицейлер интернет-алаяқтардың айла-тәсілдері жайлы хабардар етті; әрқашан сақ болуды және ата-аналарына, ата-әжелеріне және қарт көршілеріне профилактикалық ұсыныстарды айтып жеткізуді сұрады.

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің жұмыстағы маңызды бағыттардың бірі, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Тамыз айының соңынан және қыркүйек айы бойы біз балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырып жүргізетін боламыз: 27 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында облыста жедел-алдын алу іс-шарасының дайындық кезеңі, ал 6 және 30 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз – балалар!» іс-шарасының негізгі кезеңі өткізілетін болады.

Жыл басынан облыстың ювеналдық полицейлері жүздеген профилактикалық түнгі рейдтер мен тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуын» бұзудың 1925 және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаудың 557 фактісі анықталды. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив