ШҚО-да

ШҚО-да "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы таныстырылды

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғат Башевтың төрағалығымен қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдерімен, заң консультанттары палатасының және нотариаттық палатаның төрағаларымен кездесу өткізілді. Осы кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы таныстырылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде тарту мақсатында іске асырылады.

Жоба еріктілерді келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартуды көздейді:

  • қоғамдық бақылау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру;
  • pro bono еріктілік (кәсіби көмек көрсету);
  • корпоративтік еріктілік.

Жоба 2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыра отырып, біз қоғамды еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тартуды жоспарлап отырмыз. Әрбір адам осы жобаға кіріп, еліміздегі сыбайлас жемқорлықты жоюға өз үлесін қоса алады", - деп атап өтті Талғат Башев.

"Аманат" партиясы қалалық филиалының басшысы Арайлым Есімбекова бұл жобаны қолдайтынын, оны әлеуметтік маңызды деп санайтынын атап өтіп, әскери бөлімдерде, балабақшалар мен қарттар үйлерінде тамақтануға қатысты қоғамдық мониторинг жүргізуді ұсынды.

Қалған қатысушылар да осы жобаны жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив