Freedom Holding Corp. 2023 фискалдық жылының қорытындысы бойынша $795 млн кіріс алды

Freedom Holding Corp. 2023 фискалдық жылының қорытындысы бойынша $795 млн кіріс алды

Есептік кезеңде холдинг $795,7 млн кіріс тапты, бұл 2022 фискалдық жылғы $689,8 млн кіріске қарағанда $105,9 млн-ға (+ 15%) артық. Пайданың өсуіне бірқатар оң фактор ықпал етті.

Пайыздық кіріс $121,6 млн-нан $294,7 млн-ға дейін өсті (+ 142%). Бұл көрсеткіштің $173,1 млн-ға көтерілуі несие портфелінің, сондай-ақ сауда портфелінің ұлғаюына және ондағы облигациялар үлесінің кеңеюіне байланысты. Клиенттерді пайдалану белсендігі артуына байланысты маржиналдық кредиттер бойынша пайыздық кірістің өсуі байқалады.

Кірістің өзгеруіне Freedom Bank холдингінің еншілес компаниясының шетел валютасын сатып алу және сату жөніндегі қызметінің күшеюі салдарынан шетел валютасымен операциялардан түскен таза пайданың $48,4 млн-ға артуы ықпал етті. Оң динамикаға сақтандыру қызметтерінен түскен кірістің $73 млн-нан $115,4 млн-ға дейін ұлғаюы да әсер етті. Кірістің $42,4 млн-ға (+ 58%) өсуі холдингтің осы бағыттағы қызметінің кеңеюінің арқасында орын алды.

Сол уақытта бағалы қағаздар саудасынан түскен таза пайда $155,3 млн-нан $71 млн-ға (-54%) дейін азайды. Бұл жүзеге асырылған таза шығынға байланысты, ол негізінен есептік кезеңде SPB Exchange акцияларын сатудың салдары болып табылады. Freedom Bank еншілес компаниясының қаржыландыру көздерін әртараптандыру үшін валюталық своптарды жасасу нәтижесінде туынды қаржы құралдары бойынша таза шығын $65,8 млн-ға ұлғайды.

Бұл ретте 2023 фискалдық жылдың аяғында холдингтің шығыстары $233,7 млн-ға (+ 72%) өсті. Бұған төмендегі факторлар әсер етті.

Пайыздық шығындар инвестициялық портфель көлемінің өсуіне байланысты РЕПО арқылы қысқа мерзімді қаржыландыру бойынша шығындардың осы түрлерінің жоғарылауына орай $132 млн-ға (+ 172%) ұлғайды. Сондай-ақ көрсеткіштің өсуі Freedom Bank клиенттік базасының кеңеюі салдарынан депозиттер бойынша пайыздардың ұлғаюына негізделген.

Жалпы және әкімшілік шығындар $36,4 млн-ға өсті. Олар сондай-ақ қайырымдылық пен демеушілікті, соның ішінде Украинадағы қайырымдылық қорына гуманитарлық көмек көрсетуді қамтиды. Бұдан басқа, БҚ инфрақұрылымын кеңейту және холдинг қызметін қолдау үшін жүйелерді енгізу салдары ретінде бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдауға арналған шығындар ұлғайды. Оның үстіне, бизнестің кеңеюіне және жаңа материалдық активтерді сатып алуға байланысты байланыс қызметтеріне жұмсалатын шығындардың және тозу мен амортизацияға жұмсалатын шығындардың өсуі байқалады.

Жалдау және сатып алу есебінен холдингке кіретін компаниялардағы қызметкерлер санының өсуі себебінен есептік кезеңде жалақы мен сыйлықақы $35,5 млн-ға (+ 77%) ұлғайды. Сондай-ақ шығыстардың өсуіне $26,6 млн құнсыздануға резервті есептеу бойынша өсу әсер етті. Ол холдингтің несие портфелінің ұлғаюымен байланысты. Ал сақтандыру қызметі бойынша кірістің ұлғаюы нәтижесінде осы бағыттағы шығыстар $22,9 млн-ға (+ 42%) көтерілді. 

Тимур Турлов, СЕО, Freedom Holding Corp:

«Экономикалық турбуленттіліктің осы кезеңінде біз сенімді түрде алға басып, өзіміздің ауқымды қызметіміздің тұрақты қаржылық нәтижелерін көрсетуді жалғастырудамыз. 2023 фискалдық жыл оңайға соқпады және осы кезеңде біз Ресей Федерациясындағы жұмысымызды толығымен тоқтаттық. Бір уақытта бір жыл маңызды өзгерістер әкеліп, бізді мықты және одан да жаңашыл етті. Жаңа брендингпен цифрлық экожүйені құру бойынша өршіл мақсатты таңдай отырып, холдинг түрлі бағыттағы активтерді ұлғайта отырып, жан-жақты жұмыс жүргізуде. АҚШ-тың Maxim Group LLC инвестициялық банкін оның еншілес ұйымы Maxim Financial Advisors LLC-мен бірге сатып алу бойынша іске қосылған процесс біздің экспоненциалдық өсімімізге қосымша серпін берген маңызды оқиғалардың бірі болды. Алда жаңа перспективалар мен сын-қатерлер бар, бірақ акционерлердің сенімі мен бизнеске деген жауапкершілігіміздің арқасында біз одан әрі өсіп, халықаралық қаржы нарығының алдыңғы қатарында қалуға дайынбыз». 

2023 жылдың қорытындысы бойынша Freedom Holding Corp. таза пайдасы $205,6 млн құрады. Холдингтің 58,6 млн дана акциялардың орташа өлшемді базалық санына сүйене отырып есептелген акциясының пайдасы – $3,5. Холдингтің 59,5 млн дана үлестірілген орташа өлшемді акциялар санынан есептелген акциясының пайдасы - $3,5. Басқа жиынтық кіріс $204,8 млн-нан $234,3 млн-ға дейін ұлғайды. Холдингтің активтері $3,230 млн-нан $5,085 млн-ға дейін өсті (+ 58%). Міндеттемелер $2,684 млн-нан $4,314 млн-ға дейін (+ 61%) көтерілді.

Брокерлік клиенттік шоттардың саны 31 жылғы 2023 наурыздағы жағдай бойынша 370 мыңды құрады. Бұл 2022 жылдың осы күнгі шоттар санымен салыстырғанда 120 мыңға артық (+ 48%). 

Анықтама 

  • *Есептілік валютасын қайта есептеу бойынша резерв бойынша залал.

Холдингтің өзге жиынтық кірісіне/шығыстарына шоғырландыру кезінде еншілес компаниялардың функционалдық валюталарында көрсетілген қаржылық есептілік көрсеткіштерін қайта есептеу нәтижесінде туындайтын есептілік валютасының резервін қайта есептеу бойынша кірістер мен шығыстар енгізілген. Резервті есептеу кезінде активтер мен міндеттемелердің баптары есепті күнгі бағам бойынша қайта есептеледі, кірістер мен шығыстар баптары есептік кезеңдегі орташа бағам бойынша қайта есептеледі. Резервтің оң өзгеруі еншілес компаниялардың холдинг есеп беретін валютаға қатысты функционалдық валюталарының бағамының төмендеуі нәтижесінде туындайды.

Холдинг үшін фискалдық 2023 жыл 2023 жылдың 31 наурызында аяқталды.

Freedom Holding Corp - бұл қаржы қызметін, бөлшек делдалдық операцияларды, инвестициялар мәселелері бойынша кеңес беруді, бағалы қағаздар саудасын, өзінің еншілес Freedom компаниялары арқылы инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Компания Қазақстан қор биржасының (KASE), «Тошкент» республикалық қор биржасының (UZSE), Украина қор биржасының (UX), Astana International Exchange (AIX) кәсіби қатысушысы болып табылады. Оның бас кеңсесі Қазақстан, Алматы қаласында, ал әкімшілік кеңсесі АҚШ-та орналасқан. Бүгінгі таңда холдингтің қарапайым акциялары Nasdaq Capital Market, KASE, SPB, UX-та саудаланады.

Болжамды сипаттағы мәлімдемелерге қатысты ескерту

Бұл баспасөз релизінде «болжамды мәлімдемелер» бар. Олардың барлығы белгісіз сипатқа ие және жағдайларға байланысты өзгерістерге ұшырайды. Болжамды мәлімдемелер болашақ нәтижелердің немесе көрсеткіштердің кепілі болып табылмайды және болжамды мәлімдемелерде сипатталған немесе күтілетін оқиғалардан немесе нәтижелерден айтарлықтай ерекшеленетін нақты оқиғалардың немесе қорытындылардың нәтижесінде туындауы мүмкін тәуекелдер мен белгісіздіктермен ұштасады. Осындай болжамды мәлімдемелерге елеулі әсер етуі мүмкін факторларға Бағалы қағаздар және қор нарығы жөніндегі мемлекеттік комиссияда сақталатын холдингтің мерзімді есептерінде анықталған белгілі бір экономикалық, коммерциялық және нормативтік тәуекелдер мен факторлар жатады. Барлық болжамды мәлімдемелер осы баспасөз релизі шығарылған күні ғана жасалған және холдинг кейінгі оқиғаларды немесе мән-жайларды көрсету үшін болжамды мәлімдемелерді жаңарту бойынша міндеттемелерді өзіне алмайды. Оқырмандар бұл болжамды мәлімдемелерге шамадан тыс сенбеуі керек.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

14 пікір

  1. аватар
    Johnie 7 апреля 2024 08:49

    My developer is trying to convince me to move to .net from PHP.
    I have always disliked the idea because of the costs. But he's tryiong none the less.
    I've been using Movable-type on several websites for about a year and am nervous about switching to another platform.
    I have heard great things about blogengine.net.
    Is there a way I can transfer all my wordpress posts into it?

    Any help would be really appreciated!

    Here is my blog post :: Siti sicuri per l'acquisto
    di celexa

  2. аватар
    Genie 16 апреля 2024 22:27

    Good day! This is my first visit to your blog! We are a
    group of volunteers and starting a new initiative in a community in the same niche.
    Your blog provided us useful information to work on. You have done a marvellous job!


    Feel free to visit my page Wo Medikamente kaufen

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив