Жамбыл облысы ПД бастығы: Тәртіпсіз қызметкерлерді қатаң шаралар күтетін болады

Жамбыл облысы ПД бастығы: Тәртіпсіз қызметкерлерді қатаң шаралар күтетін болады

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин кезекті рет азаматтарды қабылдады. Бұл жолы тұрғындар, негізінен, кадрлық мәселелер бойынша жүгінді.  

- Олардың арасында біздің қызметкерлердің ата-аналары да болды. Мұндай кездесулер бізде жиі болып тұрады. Біз олармен ішкі істер органдарындағы қызметке қатысты пікір алмасып, полицейлеріміздің жетістіктері, олардың күнделікті тынышсыз өмірлері туралы әңгімелесеміз.

Мен ата-аналарға әркез түсіністік танытатындары үшін алғыс айтудан жалықпаймын және өз міндеттерін жоғары кәсібилікпен орындайтын қызметкерлерді қолдауға дайын екенімді үнемі айтып отырамын, - деп атап өтті ПД бастығы. 

Сондай-ақ ол тәртіпсіз қызметкерлерді қатаң шаралар күтетінін айтты. Бұл туралы учаскелік полиция инспекторының әрекетіне шағымданған Тараз қаласының 48 жастағы тұрғынымен әңгіме барысында айтылды. Жауапты тұлғаларға осы жайтты қатаң зерделеп, тиісті шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді. Арманбек Баймурзин мұндай фактілер расталған жағдайда міндетті түрде жолы кесілетінін тілге тиек етті. 

Сондай-ақ, қабылдау барысында жамбылдықтар мал ұрлығы, алаяқтық оқиғалары бойынша жүгінді. 

Тараз қаласының 35 жастағы тұрғыны ірі сомадағы несиені заңсыз тәсілмен жабуға үміттеніп, алаяққа 600 мың теңге ақшасын берген.

Бұл іс те мұқият зерделенетін болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив