СҚО полицейлері

СҚО полицейлері "тұз" таратушының қылмыстық әрекетін тоқтатты

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Солтүстік Қазақстан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен 38 жастағы петропавл тұрғынын анықтады. Ол облыс орталығының гараж массивтерінің бірінің аумағында ұсталды. Ер адамнан кристалл тәрізді затпен жабысқақ таспамен оралған 5 "зиплок" полимерлі орама тәркіленді. Ер адамның айғақтарына сәйкес, ол 7 есірткі қоймасын жасап үлгерген. Олардың барлығы табылды. Тәркіленгеннің жалпы салмағы 12,6 граммды құрады. Сараптама көрсеткендей, бұл α-PvP синтетикалық "тұз" деп аталатын психоактивті зат болып шықты.

"Естеріңізге сала кетейік, синтетикалық есірткі үшін аса үлкен мөлшер 1 грамнан басталады", — деп хабарлайды СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а. полиция майоры Руслан Үмбетов. - Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті қамауда ұсталуда. Ол бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні сатқаны үшін 18 күдіктіні қамауға алды. Олардың жартысынан көбі - 25 жасқа дейінгі ер адамдар".

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив