Жамбылдық  полицейлер өңірде алаяқтық қылмысының жиілеп бара жатқаны туралы айтып берді

Жамбылдық полицейлер өңірде алаяқтық қылмысының жиілеп бара жатқаны туралы айтып берді

Ағымдағы айда өңір аумағында алаяқтық жолмен орын алған жол-көлік оқиғасына жақын туысының қатысы бар деген сылтаумен қоңырау шалу жағдайлары жиілеп кетті. 

Жамбыл облысының ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыс жасау схемасы және өзін алаяқтық қол сұғушылықтан қалай қорғау керектігі турасында тарқатып айтып берді. 

- Әдетте алаяқ жәбірленушінің үй телефонына қоңырау шалады. Қазіргі кезеңде олар негізінен қарт адамдарды өз мақсаттарына пайдалануда, қариялар өте сенгіш және жақын адамдарын құтқару үшін соңғы ақшасы мен бар бағалы затын беруге дайын тұрады, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД КПБ бастығы полиция полковнигі Мақсат Юсупов. 

Алаяқтар топ болып жұмыс жасайды, біреуі өзін ұлы, қызы немесе немересі ретінде таныстырып, жол-көлік апатына кінәлі болғанын айтады және одан әрі ақшамен көмектесуді сұрайды. Осы уақытта әңгімеге өзін құқық қорғау органының қызметкері болып таныстырған және мәселені "шешу" үшін ақша талап ететін басқа алаяқ қосылады. 

Осындай психологиялық тексеруден және жәбірленушілердің оларға ақша беруге келісім бергенінен кейін ақша алу үшін курьерлер жіберіледі. Олар бұл делдалдарды "Телеграмм" мессенджері арқылы, "Жұмыс іздеймін" қосымшасынан табады немесе жеткізу қызметтері арқылы тапсырыс береді. 

- Телефон арқылы ақша сұрау талабы бойынша азаматтарды ақша бермеуге немесе аудармауға және алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге шақырамыз. Егер сіз туыс адамыңыздың қиын жағдайға тап болғаны туралы хабар алсаңыз, жақын адамыңызға немесе оның айналасындағы біреуге қайта қоңырау шалыңыз және сіздің көмегіңізге шынымен мұқтаж екендігіне көз жеткізіңіз,-деп  толықтырды  ведомство өкілі. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті қырағы және сақ болу қажеттігі туралы ескертеді! Егер сіз алаяқтық қылмыстың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, бұл туралы кідіртпей полицияның "102» тетігіне  хабарлаңыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив