Таксистер мен курьерлерге арналған пилоттық жоба салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктерді жояды

Таксистер мен курьерлерге арналған пилоттық жоба салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктерді жояды

Кез келген басқа кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыру кезіндегідей такси немесе курьерлік жеткізу қызметтерін көрсету кезінде де жеке кәсіпкерлікті тіркеп немесе жалдамалы қызметкер ретінде рәсімделіп, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу міндеттелген. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады.

Бұл талаптар жаңадан енгізілген жоқ. Бірақ барлық такси жүргізушілері оларды орындай бермейді, өйткені олардың пікірінше, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу бірқатар міндеттемелерді тудырады (салықтарды, әлеуметтік төлемдерді есептеу және декларацияларды тапсыру).

Сондықтан мемлекеттік кірістер органы міндеттемелерді орындау үшін «e-Salyq Business» арнайы мобильді қосымшасы негізіндегі режимді таңдауды ұсынады. Онда салық декларациясын тапсырудың қажеттілігі жоқ, табыс салығының 1 пайызы мөлшеріндегі міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру) қосымшаның өзі есептейді

Осыған байланысты, интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларға салық міндеттемелерін орындауға көмектесу үшін мемлекеттік кірістер органы «e-Salyq Business» мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, салық режимі негізінде пилоттық жоба іске қосты.

Оның шеңберінде тікелей интернет-платформада жеке кәсіпкерлікті тіркеуге болады, интернет-платформа операторы табысты төлеген кезде, таксист (курьер) тарапынан келісім болған жағдайда тиесілі салықтар мен әлеуметтік төлемдер ұстап қалады және төлейді. Содан кейін мәліметтер автоматты түрде мемлекеттік кірістер органына беріледі. Сондай-ақ кәсіпкердің өзі мобильді қосымшаның есептеген салықтары мен әлеуметтік төлемдерін төлейді.

Бұл жеке тұлғаны салық органдарына барудан толығымен босатады. Сондай-ақ, салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктерді болдырмайды және такси жүргізушілеріне қаржылық жүктемені арттырмауға мүмкіндік береді. Өйткені такси жүргізушісі делдалдарсыз платформадан тікелей тапсырыс ала алатындай етіп, бизнес-процестер реттеледі.

Бүгінгі таңда «Яндекс.такси» және интернет-платформалардың басқа операторларымен ақпараттық жүйелерді баптау жұмыстары жүргізілуде, бұл жұмыстар аяқталған соң заматтар ерікті негізде пилоттық жобаға қосыла алады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив