Жол-көлік оқиғасының куәгері Жамбыл облысының тұрғындарына әлеуметтік желі арқылы жүгінді

Жол-көлік оқиғасының куәгері Жамбыл облысының тұрғындарына әлеуметтік желі арқылы жүгінді

Жамбыл облысы Полиция департаментінің ресми сайтына және полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзиннің жеке блогына күн сайын түрлі мазмұндағы хабарламалар келіп түсуде. Олардың арасында көптеген алғыс хаттар, шағымхаттар, пікірлер бар, алайда бұл жолы ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөліміне облыс тұрғынынан жол қозғалысына қатысушыларға, атап айтқанда жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты хабарлама келіп түсті. 

Ер адамның айтуынша, ол Қордай асуында балалардың қатысуымен болған апатқа куә болған.

Автордың көз алдында жолаушыларды тасымалдаған автокөлік жол бойында қатар жүріп келе жатқан көліктің артқы жағына соқтығысқан. 

Ер адам еріксіз жол-көлік оқиғасының куәгері бола отырып, такси жүргізушілеріне қатысты қарапайым сұрақтар қояды. 

- Адамдар не болып барады, көлік жүргізушілері ақша табу үшін өз жолаушыларының өмірін де бағаламайды! Не қылған асығыс тірліктер?! Сіздер соншалықты қайда асығасыздар? Өлімге? Жол қозғалысы ережелерін бұзбаңыздар, жолға шығар алдында жақсылап тынығып алыңыздар. Әрқайсыларыңызды туыстарыңыз мен жақындарыңыз үйде күтіп отыр. Адам өмірімен ойнауға болмайды, жол қателіктерді кешірмейтінін білесіздер", - дейді осы жолдардың авторы. 

Біз ағымдағы жылдың 15 маусымында сағат 00:30-да "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолының 224-шақырымында орын алған ЖКО туралы айтып отырмыз, нәтижесінде түрлі дене жарақаттарын алған "Тойота Превия" автомашинасының 5 жолаушысы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. 

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы). Сондай-ақ қажетті сараптамалар тағайындалды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив