«Бизнеске жол» жобасы аясында Қостанайлық кәсіпкерлер заң қамқорлығында»

«Бизнеске жол» жобасы аясында Қостанайлық кәсіпкерлер заң қамқорлығында»

Ағымдағы жылда Агенттік бастамашылық еткен "Бизнеске жол" жобасы қысқа мерзім ішінде облыстың 270-тен астам кәсіпкерлерінің мәселелерін қарауға мүмкіндік берді.

Осылайша өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен және уәкілетті мемлекеттік органдармен белсенді әріптестікте бизнестің 70-тен астам мәселелеріне оң шешім табуға қол жеткіздік, 200-ден астам кәсіпкер өз мәселелерін шешуде мамандардың консультациялық көмегін алды.

Жоба аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет апта сайын облыстың Кәсіпкерлер палатасының алаңында азаматтарды қабылдауды жалғастыруда. Кәсіпкерлердің өтініштері негізінен жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу, салық саласы, тұрғын үй коммуналдық кешені, субсидиялау және т. б. мәселелерге қатысты.

Алайда, бизнес үшін мемлекеттік органдар тарапынан жасанды кедергілер жасау да жиі кездеседі. Мұндай мәселелер барлық мүдделі тараптардың қатысуымен бірлескен кездесулер ұйымдастырғаннан кейін өз шешімін табады.

Мысалы, Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке аудан орталығының аурухана басшылығымен жергілікті  кәсіпкерге ғимараттағы электр энергияны есепке алу құралдарын орнатуда негізсіз бас тартып, кедергі жасаған. Салдарында кәсіпкер коммуналдық кәсіпорынмен шарт жасай алмаған, ал электр энергияға жалға берушіге жалға берілетін үй-жайдың бір шаршы метр есебінен төлеген. Департамент өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп аталған мәселе бойынша бірқатар кездесулер өткізіп, қорытындысы бойынша бизнес субъектісі үшін қажетті жағдайлар жасалды.

Осы аптада да Департаментке жеке кәсіпкерлерге несие беру кезіндегі  негізсіз шектеулер, сондай-ақ табиғи газ өткізу бағасын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға ұсыныстар енгізу туралы шағымдармен бизнес субъектілері жүгінді. Бүгінгі таңда бұл сұрақтардың зерделенуде.

Келіп түскен әрбір өтініш егжей-тегжейлі зерделенетінін, жауапты мемлекеттік органдарды тартумен, талдаулар, мониторингтер жүргізілетінін және қорытындысы бойынша аңды шешімдер қабылданатынын атап өту маңызды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімшілік кедергілерге, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қол сұғушылықтарға тап болған жағдайда, сондай-ақ консультациялық көмек алу үшін кәсіпкерлер Агенттіктің арнайы байланыс арналары арқылы Call-center – 1424; Департаменттің кезекші бөлімі: 8 (7142) 914 – 222, сондай-ақ up.kostanay@antikor.gov.kz электрондық пошта арқылы жүгінуге болатындығын естеріңізге салады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив