Астанада мұнай-газ саласындағы машина құрастыруды дамытуға арналған форум өткізілді

Астанада мұнай-газ саласындағы машина құрастыруды дамытуға арналған форум өткізілді

Астанада IMB Орталығында мұнай-газ саласындағы машина жасау ісін дамытуға арналған дәстүрлі форум өткізіліп, оған шетелдік және отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының 250-ге жуық өкілі жиналды.

Аталған жиын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігінің, сондай-ақ ірі мұнай-газ операторларының қолдауымен ұйымдастырылғанын айта кетейік. Іс-шараның ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан, Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов және Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев қатысып, форумның сәтті өтуіне тілектерін жеткізді.

И.Шерхан айтқандай, басым бағыттағы тауарлар мен өндірісті локализациялау бойынша жұмысты одан әрі нығайту үшін жергілікті кәсіпорындардың мүмкіндіктерін бағалап, тізімін жасаудағы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығы зор.

«Отандық өнеркәсіпті дамытып, шағын және орта бизнесті қолдау – халқымыздың әл-ауқатын арттырудың кілті. Импортты алмастыруға қауқарлы отандық өндірушілерді осы бағыттағы жұмысқа барынша тартып, жаңа жобаларды құру мен іске асыру мәселесін пысықтау қажет. Қазір министрлік отандық өндірушілердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау кезінде сертификаттауға жұмсалған шығындарын өтеу мәселесін қарастырып жатыр», деді вице-министр.

Форумның барысында мұнай-газ компанияларының басшылары, Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз кен орындарының қызметі туралы айтып берді. Сонымен бірге IMB Орталығының бас директоры М.Кәрімов атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жоспарларға кеңірек тоқталды.

Бұл ретте қазір Мұнай-газ саласындағы машина жасауды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ірі мұнай-газ жобалары үшін технологияларды трансферттеп, өндірісті локализациялауға қолғабыс етіп келе жатқанын айта кеткен орынды. Дәстүрге айналған форумның жұмысы IMB Орталығының қызметіндегі нәтижелер және алдағы жоспарлармен мүдделі тараптарды ақпараттандыруға бағытталған. Жиын кезінде қатысушылар көкейкесті сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив