Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына түсуге үміткерлер үшін ақпарат

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына түсуге үміткерлер үшін ақпарат

Білім беру бағдарламалары:

  1. «Құқықтану»;
  2. «Құқық қорғау қызметі».

Магистратура бағыттары:

  1. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратура (2 жыл оқыту);
  2. Бейіндік бағыттағы магистратура (1 жыл оқыту).

Докторантура бағыттары:

  1. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы PhD докторантура (3 жыл оқыту);
  2. Бейіндік бағыттағы докторантура (3 жыл оқыту).

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін қызметкер;
  2. магистратураға - жоғары білім, PhD докторантура - жоғары оқу орнынан кейінгі білім (бейінді бағыттағы магистратураны бітірген үміткерлер үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларды игергені туралы қосымша куәлік); бейіндік бағыттағы докторантура - жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білім.
  3. өтіл бойынша:

    - ғылыми-педагогикалық бағыттағы бойынша магистратураға - құқық қорғау органдарында  кемінде 1 жыл

   практикалық жұмыс өтілі;

   - бейіндік бағыттағы магистратураға - құқық қорғау органдарында кемінде 2 жыл практикалық жұмыс өтілі;

   - докторантураға түсу үшін - құқық қорғау қызметінің өтілі 5 жылдан кем емес.

Магистратураға түсу үшін құжаттардың тізбесі:

  1. Академия ректорының атына баянат;
  2. жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. жоғары білімі туралы құжаттың және оның қосымшасының көшірмесі
  4. шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  5. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (болған жағдайда);
  6. ғылыми конференциялар мен байқауларға қатысқаны үшін грамоталар немесе дипломдар ( болған жағдайда);
  7. 3х4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  8. 075-У нысанындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама;
  9. шет тілі бойынша тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртектің түпнұсқасы.

Докторантурағы түсу үшін құжаттардың тізбесі:

  1. магистратураға түсу үшін құжаттар тізбесінің 1– 9 тармақтарында көрсетілген құжаттар;
  2. жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың және оның қосымшасының көшірмесі;
  3. педагогикалық бейінді білім беру бағдарламаларын меңгеру туралы негізгі дипломға куәліктің көшірмесі (бейінді бағыттағы магистратураны бітірген PhD докторантуруға үміткер үшін).

Оқуға түсу кезеңдері:

Құжаттарды қабылдау – 1 сәуір - 25 шілде аралығында.

Түсу емтихандары – 10 - 20 тамыз аралығында.

Емтихандар:

1.Шетел тілі бойынша  (таңдау бойынша: ағылшын, неміс, француз)

- мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын аяқтаған;

 - шет тілін меңгеруді растайтын мынадай халықаралық сертификаттары бар үміткерлер.

Ағылшын тілі:

магистратуруға: TOEFL IBT кемінде 60 балл // TOEFL PBT кемінде 498 балл // IELTS Academic кемінде 6,0;

докторантураға: TOEFL ITP кемінде 460 балл // TOEFL IBT кемінде 46 балл // TOEFL PBT кемінде 453 балл // IELTS Academic кемінде 5,5.

Неміс тілі:

магистратуруға: DSH (Niveau С1/С1 деңгейі) // TestDaF-Prufung (Niveau С1/С1 деңгейі)

докторантураға: DSH (Niveau В2/ В2 деңгейі) // TestDaF-Prufung (Niveau В2/ В2 деңгейі)  

Француз тілі:

магистратуруға: TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес // DELF – B2 деңгейі // DALF –C1 деңгейі // TCF – кемінде 50 балл;

магистратуруға: TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B2 деңгейден төмен емес // DELF – B2 деңгейі // DALF –В2 деңгейі // TCF – кемінде 50 балл.

  1. Мамандық бойынша емтихан:

Өткізу нысанын, сондай-ақ білім беру бағдарламалары бойынша пәндер тізбесін Академия анықтайды.

Координаттар:

Егжей-тегжейлі ақпарат Академияның www.academy-gp.kz сайтында және инстаграмның academy_gp.kz парақшасында білуге болады.

Шет тілінен емтихан тапсыруға онлайн режиде өтініш беру және сынама тестілеуден өту бойынша ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында: www.testcenter.kz, app.testcenter.kz

Қабылдау комиссиясының мекенжайы:

Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі 94, индекс 010078

Байланыс телефондары: 8-771-162-49-23; 8-701-177-48-38

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив