Заңнамалық өзгерістер: жер учаскелерін алу оңай болады

Заңнамалық өзгерістер: жер учаскелерін алу оңай болады

2023 жылы 5 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды.

Қабылданған заң Ауыл шаруашылығы министрлігімен жер учаскелерін жедел және ашық беру мақсатында әзірленді.

Заңда республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде электрондық форматта жер учаскелерін беру рәсімін оңайлату көзделген, бұл жер учаскелеріне құқықтарды берудің қолданыстағы мерзімдерін 30 жұмыс күніне дейін өзгертуге мүмкіндік береді.

 Атап айтқанда, аталған қалаларда жер комиссиясының институты алынып тасталады, сондай-ақ бірқатар құжаттар қысқартылады (жер комиссиясының хаттамалық шешімі, жерге орналастыру жобасы).

Кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің жерлері үшін техникалық мүмкіндіктердің болмауына байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер толық цифрланғанға дейін Жер заңнамасымен регламенттелген жер учаскелерін берудің қолданыстағы тәртібі сақталады.

Заңмен мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда құжаттарды келісу барысына онлайн мониторинг енгізіледі, сондай-ақ жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын тіркеу бойынша композиттік қызмет енгізіледі.

Жер учаскелерін электрондық беру рәсімі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің «Жария кадастрлық картасында» жер учаскесін таңдау арқылы жергілікті атқарушы органдардың геопорталдарында (өңірлік геоақпараттық жүйелерде) іске асырылатын болады.

Жария кадастрлық карта Қазақстанның жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларының мәліметтерін және мемлекеттік органдардың өзге де мәліметтерін көрсететін болады.

Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажеттілігіне байланысты 2023 жылғы 1 шілдеден бастап заңды іске асыруды кейінге қалдыру көзделіп отыр.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив