«Байқоңыр» ауданы полиция басқармасында тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтті

«Байқоңыр» ауданы полиция басқармасында тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтті

«Байқоңыр» ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Абиров аудан тұрғындарының алдында есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуге «Байқоңыр» ауданының  әкімдігі мен прокуратура өкілдері қатысты.

Ол өз сөзін өткен жылғы жедел іс-шаралардың қорытындысын айтудан бастады. Сондай-ақ, аумақтағы қауіпсіздікті жақсарту бойынша пікірлер мен ұсыныстар қарастырылды. «Полицияның сервистік моделі» аясында халыққа сапалы және жедел қызмет көрсету, халықтың сеніміне бағдарланған критерийлер құру бойынша бірқатар шаралар атқарылып жатқаны айтылды.

2022 жылы ауданда тиісті бақылауды және қоғамдық тәртіпті сақтауға, дүрбелеңді бұзуға жол бермеуге мүмкіндік туды.

Қылмыстың алдын-алу саласындағы жүзеге асырылған шаралар барысында адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау сияқты қылмыстардың саны азайды.

18 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар анықталып, жауапкершілікке тартылды, оның ішінде  отбасы тұрмыстық саласындағы 601 жанжалқой да бар.

Бүгінгі таңда учаскелік инспекторлар заманауи коммуникациялардың арқасында ПИК, МИБ және белсенді тұрғындармен чаттар арқылы әрдайым байланыста.

 Полиция қызметкерлерінің ПИК және аудан тұрғындарымен тығыз әрекеттесуінің арқасында өткен жылы мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді жауап беретін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Мас күйдегі қылмысты алдын-алу мақсатында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, мас күйінде болған 1897 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартып, 166 азамат маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуі үшін Астана қаласының Наркология және психотерапия орталығына орналастырылды.

Сонымен қатар, 133 сауда нүктесінің иесі жауапкершілікке тартылды, сот шешімімен 112 лицензияның қолданылуы тоқтатылды, 10 шағын кәсіпкерлік субъектісі алкогольдік өнімдерді сату лицензиясынан айырылды.

Кездесу барысында полиция басқармасының бастығы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қосымша бағдаршамдарды орнату, көгалдандыру және т.б. мәселелер  бойынша азаматтардан түскен барлық сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдады. Тұрғындар полиция қызметкерлеріне азаматтардың өтініштеріне жедел ден қойғаны үшін алғыстарын айтты.

Жиын соңында Марат Абиров барша азаматтарға белсенділік танытқандары үшін алғыс айтып, ең бастысы азаматтардың құқық қорғау органдарына, қылмыспен күресу мен қоғамдық тәртіпті қорғауға деген сенімінің деңгейі екенін атап өтті. 

Астана қаласы ПД-нің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив