Қасиетті киізүйімізді жан-жаққа таратпайық!

Қасиетті киізүйімізді жан-жаққа таратпайық!

«Шаңыраққа қара!»

Астамшылық көрсеткен пендеге сес 

білдіру үшін айтылатын халықтың нақыл сөзі.

Көне заманнан «киізүй»(екі сөзді саналы түрде бірге жазып отырмын, өйткені бұл оның өзіне ғана тән ажырамас бір ұғымды сипаттайтын түсінік, бірге жазу тілдің дамуы процесінің заңдылығы, сөзталдау бойынша «етістік») қазақтың қаситетті болып саналатын мүлікі. «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» киізүй сөзіне сипаттама бере отыра, С.Касимановтың мынадай түсініктемесіне сілтеме жасаған: «К и і з үй (қазақ үй)-көшпелі дәуірге лайықты, ағаш керегелі, киіз туырлықты, жиналмалы баспана үй» (Аталған сөздік, 8-ші том, Алматы, 2007, 40-шы бет). Сонымен, осы қазақтың қасиетті мүлкін тәуелсіз мемлекетіміздің шекарасынан асырып жан-жаққа тарату дұрыс па? Жоқ, дұрыс емес. Неге? - деген орынды сауал туындауы әбден ықтимал. Осы мәселені талдап көрейік.

Киізүйдің аса бір қасиетті сүйегі болып саналатын заты – Шаңырақ. Ежелден қазақта «Шаңырағың биік болсын!» деген батаның үлкені саналатыны бекерден-бекер емес. Қашанда шаңырақты қадір тұту – халқымыздың атадан балаға мирас саналатын бұлжымас салты. Мейманасы тасып, есіре көкіген пендеге: «Шаңыраққа қара» - деп тоқтау айту, немесе дұшпанның мысын басу үшін айтылатын  атадәстүр сөз. Алтын Шаңырақ деген ұғыммен Отан, әркімге ыстық туған жері елестейді. Шаңырақтың Тәуелсіз мемлекетіміздің басты рәміздерінің бірі Елтаңбаның (герб-Қазақстан егемендік  алардан бұрын кең қолданылған балама сөздің нұсқасы) дәл ортасында орнықтырылғаны талай сырды айқындап тұр. Шаңырақтың өзі мен одан тараған ақ күмістүсті уықтар күн мен күннің  шуақты сәулесіндей түсінік-сезім тудыратыны анық. Сондықтан-да, Шаңырақ қазаққа қасиетті және оның дүниетанымында үлкен құндықық болып саналып, қадірлі орын алады. Қазақтың ежелгі жаулары, оның денесіне батыра найза қадап, аса ауыр азап келтіру үшін: «Шаңырағыңды ортаңа түсремін» - деп, ашуға булыға зіркілдегені: барыңды күйретемін, өзің мен бала-ағаңда із-түзсіз жоямын дегені. 

Ал,1988 жылы Арменияның Спитак қаласында болған жойқын жерсілкінісі кезінде, Қазақстан гуманитарлық көмектердің бірі ретінде киізүйлерді апарғаны мәлім. Бірақ, сол кездегі алыпқашты сөздерге сай, армяндар оларды дұрыс пайдаланбай, қазақтардай қадір тұтпай, сүйектерін (кереге, уық, шаңрақтарды) отқа жағып, жылынып, кигіздерді таптап кеткен. Соныменен, қасиетті Шаңырағымыздың шалғайдағы жат жерлерде домалап жатқанын көзім көріп, құлағым естімесін деген тілектемін.

 Ертеде, қазақстанның спортшылары бір кезекті Олимпиадаға шет мемлекет астанасына киіз үй апарып, тікті. Оның қадірін келіп-кетер меймандар білді ме екен? Ай қайдам, үндестердің «вигвамы», солтүстік тундра аз халықтарының «чум мен ярангаларын» елестете, тоқайластырып, аса мән бермей кеткен болар. Киізүйді мыңдаған шақырым ұшақпен апару оңай шаруа емес. Қаншама артық шығын кеткені жәйлы калькулятрды қолыңызға алмасаңыз да түсінікті. Не дегенде, бізге қасиетті болса да, киізүймен жат елді, шетел жұртын таңқалдырамын деген – керегі жоқ бос әуре іс, қазір 21-ші ғасыр ғой: жержүзін жайлаған урбанизация, барлығын ығыстырып жатқан қалалық мәдениет пен қарым - қатынас, сонымен қоса - ұшқыр ой, жетілген электроника мен атом энергиясын игеру заманы.

  Жуықта, Қазақстан кәсіпкерлері өз тараптарынан соғыстан зардап шегіп жатқан Украина халқына көмек ретінде киізүйлер апрғаны ақпарттарда орын алды. Әрине қиналған пенделерге мейірімділік таныту, көмек беру парыз, бірақ... Түйген ойымды, толыққанды тұжырымымды мақала соңында келтіремін...

Өткен аптада Түркиядағы болған табиғи ғаламат зілзалал мен соның салдарынан болған бауырларымыздың өлім-жітімне қазақстандықтар қайғыра көңіл айтып, жабырқау халықтың көріп жатқан зардаптарын азайту мақсатында гуманитарлық көмектердің бірі ретінде, бейнет көріп жатқан өңірге, ұшақтармен жедел 100 киізүй жеткізгені ресми ақпараттарда жарияланды. Әрине, ата-бабаларына пана болған киізүйге түрік бауырлар құрметпен қарап, дұрыс пайдаланады деген үміттеміз. Олардың қайғылары сейіліп, жаралары жазылып, еңселері көтерлетіне сенеміз.

Сонда да, киізүйді тігу оңай шаруа емес, жөнін білумен қоса, бұл іс күш пен ептілікті талап етеді, ал мүліктер ұшақтарға да жеңіл жүк болмағаны анық. Ертеден қазақтар киізүй ауыр жабдықтарын атан-түйеге тиеген. Сыйланған мүліктің қабылдаушыға  ауырлығы мен ауыртпалығы болмағаны жөн. Бұл кімнің де болса жадында сақталуға тиіс қағидат. Осы ақиқат Үкімет басындағы лауазымды азаматтарға да арналады. Сондықтан, жасалып жатқан басқа да мейірімділік көмектермен қоса, қазақстандықтарға айтар назым, қандай да болмасын көмектер түрлерін жасап жатқанда, киізүйді Еліміздің табалдырығанан шығармауды өтінемін. Егер зардап шегіп жатқан аймақтар болса, баспана ретінде әскери палаткалар не басқа да жеңіл шатырларды  жіберген дұрыс. Қай жағынан алып қарасаңызда, жөні осы. Киізүйді шекарадан шығармайық, ешкімге қорлатпайық!

        Біздің қалаларда да киізүйді асфальт үстіне тіккен жараспайды, орынсыз, жөн-жосықсыз көрінеді. Киізүй тек Қазақстанның кеңбайтақ даласында жарасымды: суы мөлдіреп, сарқырап ағып жатқан бұлақ басы тігіліп, жасыл жайлауда орныққанда лайықты да пайдалы, сонда ғана ол қадір-қасиетін жоғалтпайды.

Нақыпбек Садуақастегі, заңгер-құқықтанушы, публицист

 

        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив