Жүрек Орталығында «Операциялық іс мамандарының III Ұлттық симпозиумы» өтті

Жүрек Орталығында «Операциялық іс мамандарының III Ұлттық симпозиумы» өтті

18 ақпан күні Жүрек Орталығында операциялық блоктағы мамандардың білімі мен тәжірибелерімен алмасуына, сонымен қатар емделушілерге медициналық көмек көрсетудегі өзекті сұрақтарды талқылауға бағытталған Операциялық іс мамандарының III Ұлттық симпозиумы өткізілді. Іс-шара Халықаралық операциялық мейіргерлер күніне орайластырылып, «University Medical Center» КҚ және «Жүрек орталығы» Қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.  

Операциялық мейіргерлер ісінің мамандары әр пациентінің сәтті емделуіне үлкен үлес қосады. Топта жұмыс жасай отырып, кәсіби дағдыларын әрдайым дамытып отыратын медбикелер ғылыми жобаларға да белсенді қатысып, конференциялар ұйымдастырып, еліміздің әр аймағындағы әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында кездесулер өткізеді.

Аталған симпозиумға Қазақстанның барлық аймақтарынан келген денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты. Олардың ішінде 400 адам оффлайн форматты таңдаса, 425 қатысушы онлайн көрсетілімді тамашалау үшін тіркелген. Қатысушылар назарына Қазан қаласынан онлайн түрде қатысқан спикерді қоса алғанда 18 баяндама таныстырылды. Әр баяндама барысында сұрақ-жауап пен жұмысты жақсартуға бағытталған ұсыныстар алға тартылды.

Спикерлер баяндамаларын оқу барысында пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, операциялық бөлімшедегі тайм-менеджмент, мейіргерлер ісі мамандарының кәсіби дамуы мен рөлдері төңірегіндегі тақырыптарға баса көңіл аударып, айшықтады. Симпозиум қатысушылары үшін операциялық мейіргердің үстелін дұрыс даярлау, құралдарды қабылдау мен тасымалдаудағы тазалық қалыптарын сақтау, пациентті операцияға дайындау сынды симуляциялық жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар, шеберлік сағаты аясында қатысушылар манекенді қолдану арқылы негізгі жүрек-өкпе реанимациясын көрсету бойынша дағдыларын машықтады.

 «Операция уақытында қолдау көрсететін операциялық мейіргерлерсіз жетістікке жету мүмкін емес. Олардың жұмысы операция уақытындағы көмекпен ғана шектелмейді, құрал-жабдықтарды сақтау мен әріптестерге қолдау көрсету де бар. Сондықтан осындай конференцияларды ұйымдастыру мамандар арасындағы тәжірибе мен білім алмасу үшін аса қажет, бұл кез-келген ұйымның болашағында емделушілерге сапалы ем шараларын жасау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық талаптарына сай болатын деңгейіне жеткізеді», - дейді «University Medical Center» Басқарма төрағасы Юрий Пя.

Жүрек Орталығының баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив