Жыл басынан бері Петропавлдың ойын-сауық орындарында 6 қылмыс орын алды

Жыл басынан бері Петропавлдың ойын-сауық орындарында 6 қылмыс орын алды

Олардағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп тақырыбы полицияның жұртшылықпен диалогында ара-тұра қозғалады. Қаңтар айында Петропавл аумағында негізінен түнгі уақытта осындай мекемелерде жасалған 6 қылмыс тіркелді. Бұл 4 ұрлық, 1 бұзақылық және жеке күзет қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі. Ал Тайынша ауданында жергілікті тұрғын ауылдық кафеде қасқырдың тұлыбын ұрлап әкеткен. Ұрланған заттарды қолданып үлгермеген, ал таңертең ол жедел қызметкерлерге балаларға тұлыпты көрсеткісі келгендігін түсіндірді. Мүлік иесіне қайтарылып, ол өз кезегінде татуласуға келісім білдірді.

Полиция қызметкерлері алдын алу шараларын тұрақты түрде қабылдайды: ойын-сауық орындарына жаяу нарядтар мен автопатрульдер жақын жүреді, кәмелетке толмағандар істері және басқа да қызметтер бойынша учаскелік инспекторлар тартылған рейдтер үнемі өткізіліп тұрады.  Айта кетерлік жайт, қаңтар айында түнгі кафелердің бірінің иесі жасөспірімнің болуына рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов атап өткендей, ойын-сауық мекемелеріндегі және олардың айналасындағы құқықтық тәртіптің жай-күйіне бейнебақылау мен мамандандырылған күзеттің болмауы әсер етеді. Ойын-сауық орындарындағы бар күзет кей кезде туындаған қақтығыстарды тоқтата алмайды, олар тек шу шығаратын қонақтарды көшеге шығарумен шектеледі.

Бұл мәселелер СҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның соңғы отырысында талқыланды. Нәтижесінде ойын-сауық мекемелерінің иелерімен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған бірқатар бастамалар болды. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/zhyl-basynan-beri-petropavldyng-ojyn-sauyq-oryndarynda-6-qylmys-oryn-aldy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив