Тараздық полицейлермен масаң күйде көлік жүргізген жүргізуші ұсталды

Тараздық полицейлермен масаң күйде көлік жүргізген жүргізуші ұсталды

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен түнгі мезгілде бекітілген әкімшілік аумақты шолу барысында «Lexus 570» маркалы автокөлігі жол ережесін бұзғандығына байланысты тоқтату туралы ескерту жасалған. Алайда автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің талабына қарамай, Алматы қаласына бағытталған тас жолға жылдамдықты арттырып қозғалысын жалғастырған.
Полиция батальоны қызметкерлері автокөліктің артынан қудалаған кезде, оның алдыңғы жақ дөңгелегі жарылған. Нәтижесінде жүрiсiн тоқтатып, ұсталынды.

Көлік жүргізушісімен әңгімелесу барысында масаң күйде болғандығы байқалған. Медициналық сараптаманың қорытындысына көлік жүргізушісінің "орташа дәрежеде жанамалас iшiмдiк және конобоидтық есірткі" тұтынғандығы анықталды.

Оның айтуынша, өз жағдайын білгендiктен полиция қызметкерлерінен қашып кетуді ойлаған.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 595- бабының 1-бөлігімен (маневр жасау қағидаларын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен (ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) , ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 9-бөлігімен (көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 613- бабының 1-бөлігімен (Ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) және ҚР ӘҚБтК-нің 608- бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сондай-ақ жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив