Жамбыл полицейлері жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балалардың қауіпсіздігін бақылауға шақырады

Жамбыл полицейлері жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балалардың қауіпсіздігін бақылауға шақырады

Жамбыл полицейлері ата-аналарды алдағы жаңа жылдық мерекелер кезінде балалардың қауіпсіздігін назарға алуды ұсынады. 

Түрлі мерекелік отшашулар, Бенгаль шамдары, зымырандар, жарылғыш отшашулар кәмелетке толмағандарға үлкен зиян келтіруі мүмкін. 

Мысалы, отшашулар шамамен 1000°C температурада жанып, Бенгаль шамдарының әлсіз ұшқындары көзге түсуі немесе киімді, жаңа жылдық әшекейлерді зақымдауға қабілетті. 

Мұндай жанғыш заттар санаулы уақытта көз жанарының көрмей қалуына, бет пен қол саусақтарын жарақаттануына әкеліп соғуы мүмкін. 

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер арасында өте танымал ойын - бомба петардаларын аулаларда, үйлердің кіреберістеріне немесе үй жануарларына лақтыру азаматтардың тыныштығын бұзып қана қоймай, үй-жайларға, электр сымдарына қауіп тудырады. 

– ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабына сәйкес елді мекендерде 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған жеке тұлғалардың тыныштығын, белгіленген тәртіпті бұзатын және ірі материалдық залал келтіруге әкеп соқпаған және ол үшін бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану  - ата- аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК (61 260 теңге) мөлшерінде ескерту жасауға немесе пиротехникалық бұйымдарды тәркілей отырып, айыппұл салуға әкеп соғады. ҚР заңнамасының бұзылуына жол бермеу, сондай - ақ балалар жарақаттануының алдын алу не кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмау мақсатында лицензияланған пиротехникалық бұйымдарды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, ересектердңі мұқият бақылауымен ғана пайдалануға шақырамын, - деді Жамбыл облысы ПД ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив