Қызылордада түзеу мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған ашық есік күні өтті

Қызылордада түзеу мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған ашық есік күні өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде «Ашық есік» күні өтті. Бұл күні аталған мекемедегі   карантин бөліміндегі сотталғандар жақындарымен жүздесіп, қуанышқа бөленді. 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Ашық есік» күні жазасын өтеп жатқандар да, олармен қауышуға келген туысқандары да қуаныштарын жасырмады.

«Сенбі күні ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне сотталғандардың туыстары келді. Шараға келген ата-аналар тек жақындарымен кездесіп қана қойған жоқ, олардың жатын және демалатын орындары, бос уақытын өткізетін кітапхананы, тамақтану орны асхананы аралып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Сотталғандарға «Ашық есік күнін» өткізу туралы хабарлағанымда, олардың жүздерінен шынайы қуанғандарын байқадым. Мен үшін бұл біздің қызметіміздің тиімділігінің ең жақсы көрсеткіші, өйткені туыстарымен байланыста болу – сотталғандарды түзетуге, тез бостандыққа шығып, туыстарына оралуға ынталандыратын тәрбие жұмысының әдістерінің бірі – дейді тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры А.Уайдаев.

  • Баламмен қауышып, жағдайын білдім. Таксофон және бейне қоңыраулар арқылы араласып жатсақ та, көзбе-көз кездесуге еш нәрсе жетпейді. Департамент пен мекеме басшылығына, сондай-ақ осы іс-шараны ұйымдастыруға қатысқан барлық қызметкерлерге алғысым шексіз»,- деді сотталғанның анасы. 

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив