Бірыңғай оператор Қазақстанның АT-қауымдастығын цифрлық таңбалау экожүйесін бірлесіп дамытуға шақырды

Бірыңғай оператор Қазақстанның АT-қауымдастығын цифрлық таңбалау экожүйесін бірлесіп дамытуға шақырды

20 қазанда Astana Hub алаңында «Қазақтелеком» АҚ Бірыңғай операторы жанындағы цифрлық таңбалау жобасының кеңсесі Қазақстанның АТ-қауымдастығымен бірлесіп цифрлық таңбалау экожүйесін дамыту бойынша ашық диалог өткізді.

Іс-шараның мақсаты – таңбалауды бизнес үшін қолайлы ету үшін цифрлық таңбалау экожүйесін бірлесіп қалыптастыруға және дамытуға АT қауымдастығын тарту.

«Таңбалау – экономикамызды цифрландырудың элементтері. Цифрландыру қажет, ал біздің мақсатымыз – оны бизнеске қолайлы етіп экономикаға енгізу. Мен сіздерді бірлескен жұмысымыздың ықтимал сценарийлерін талқылау үшін осы алаңға шақырамын – өйткені дәл осы АТ-қауымдастығы бизнес үшін де, түпкі пайдаланушы үшін де қызықты, әрі ең бастысы, ыңғайлы қызметтерді ұсына алады және ұсынуға дайын», - деп бөлісті Бикеш Құрманғалиева, «Қазақтелеком» АҚ Бірыңғай операторы цифрлық таңбалау жөніндегі жобалық кеңсесі «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС бас директоры.

Спикерлер қолданыстағы өнімді таңбалаудың процестері мен инфрақұрылымын көрсетті, сондай-ақ, АT қауымдастығының барлық сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға таңбалау экожүйесіне қатысатын АT саласының 30-ға жуық өкілі қатысты.

Кездесуге қатысушылар бұл тақырыпқа жоғары қызығушылық танытты. АТ қауымдастығының кейбір өкілдері таңбалау қажеттілігі экономиканың әртүрлі секторларының бизнес өкілдерінен тікелей туындаған коммерциялық нысандарда таңбалауды енгізу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар арасында шет елдердегі тұтынушыларға арналған таңбалау және бейілділік бағдарламаларын енгізу тәжірибесі бар АT саласының өкілдері болды.

«Осы жылы біз төрт корпоративтік таңбалау жүйесін әзірледік. Біз қазақстандық шараптың ең ірі өндірістерінің бірін толығымен автоматтандырдық, онда таңбалау кодтарын өзіміз басып шығарып, бөтелкелерге жабыстырдық. Сондай-ақ, мұнайшыларға арналған киім, медициналық зертханаларға және аяқ киім логистикасымен айналысатын компаниясына таңбалау шешімдерін ұсындық. Біз адамдарды шарап бөтелкелерін сканерлеуге ынталандыруға көмектесеміз және сол арқылы олар Қазақстанда таңбалаудың дамуына үлестерін қосып, бұл үшін кэшбэк және басқа да бонустар алады», - дейді Kit Systems IT компаниясының негізін қалаушысы және бас директоры Асхат Китебаев.

Бұл диалогтық платформа тұрақты негізде жұмыс істейтін болады, оның түпкі мақсаты міндетті таңбалауға жататын өнім топтарының бизнесі үшін таңбалауды бейімдеу болып табылады. Байланыс алаңы ретінде қатысушылар үшін арнайы «Цифрлық таңбалау экожүйесін дамыту» телеграм-чаты құрылды, онда АT-қауымдастығының өкілдері цифрлық таңбалау экожүйесін дамытуға өз үлестерін қоса алады: https://t.me/+g2JKiiTL1vs2MDdi

Міндетті таңбалаудың мақсаты – тауардың заңсыз айналымын тоқтату және тұтынушыларды сапасыз өнімді сатып алудан қорғау. Еске салайық, бүгінде табиғи терірден жасалған бұйымдарға (2019 жылдың 31 наурызынан), темекі бұйымдарына (2020 жылдың 1 қазанынан) және аяқ киімге (2021 жылдың 1 қарашасынан бастап) міндетті таңбалау енгізілген. 2022 жылдың шілдесінен бастап дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау да енгізілді.

Цифрлық экономиканы дамыту орталығының баспасөз қызметі

Баспасөз хатшысы Алтынгүл Жанабай

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив