Тәртіпке бағынған құл болмайды!!!

Тәртіпке бағынған құл болмайды!!!

Әр заман өзіне сай заңдық нормаларды, құқықтық ережелерді тудырады. Конституция талаптары мен заңдардың сақталуын қадағалап, азаматтардың құқықтарының қорғалып, міндеттерінің сақталуын назарда ұстау заң шығарушы һәм орындаушы органдардың жұмысына тікелей байланысты.

         «Басты құндылық - адам» деген ұстанымдағы қоғамда өмір сүріп отырмыз. Ата Заң солай дейді. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтарының сақталуы.

         Демек, азаматтардың құқықтарының сақталуына және олардың бұзылуына жол бермеу өз кезегінде қоғамдық тәртіпті сақшылар, яғни полиция қызметкерлерінің ерен еңбектері ерекше.

         Сол себепті, заң шығарушы органымен полиция қызметкерлері құқықтарының сақталуына да аса қатты мән берілгені бәрімізге анық.

Осыған қарамастан, кейбір азаматтар тарапынан қолданыстағы заңнама талаптары сақталмай, керісінше оны қасақана бұзу деректері орын алуда.

Атап айтқанда, а.ж. 14-ші қыркүйекте Сарыарқа ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, №62а үйдің ауласында орта дәрежелі алкогольдік масаң күйдегі екі азаматтың қоғамдық тыныштықты бұзғандығы жөнінде хабарламасы түскен.

Аталған хабарламаны тексеру, қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша функционалдық міндеттерін атқарып жүрген, Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Е. және Б. есімді қызметкерлеріне тапсырылған.

Осыған орай, оқиға орынына келген полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына И. және Н. бағынбай, керісінше оларға қарсылық көрсеткен.

Одан тыс, И. есімді азамат өзінің қалтасынан арақтың шыны бөтелкесін алып, билік өкілі Е. басынан ұрып, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, күш қолданған. Нәтижесінде, полиция қызметкері Е. жабық бассүйек ми жарақаты, бас миының шайқалуы, сол жақ қабырға асты аймағының көгерген жарақаты түріндегі денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген.

Сөйтіп, И. есімді азамат Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 380-бабымен Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен 5-жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Халқымыз «Тәрбие басы – тал бесік» деп бекер айтпаған. Ал баласына «Тәрбиесіз, көргенсіздің баласы деп айтқызба» деп тәрбиелейтін отбасылар қаншама?!

         Осы ретте даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген тамаша сөзі де тақырыпқа тұздық болары сөзсіз.

Осыны ескере отырып, құрметті жерлестер және қала қонақтары Сіздерді қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтап, қоғамдық тәртіп сақшыларына құрметпен қарау қажет екендігін ескертеміз!!!

Астана қаласы,

Сарыарқа ауданы прокуратурасының

Қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы

А. Ерғалы

        

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив