Отандық жоғары оқу орындар комплаенс мамандарын дайындамайды

Отандық жоғары оқу орындар комплаенс мамандарын дайындамайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің деректері бойынша Қазақстанда 6 мыңнан астам квазимемлекеттік және жеке сектор субъектісі комплаенс-қызметін енгізді. Бірақ жоғары оқу орындары бұл салада маман даярламағандықтан комплаенс-офицерлер тапшы – дейді Астанада қаласында өткен Compliance & Security  форумының қатысушылары.

Комплаенс-қызметі жұмыс орнындағы әдеп кодексінің бұзылуы мен сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күреседі.  Қазақстанға инвестиция құюға қызығушылық танытқан инвестор, алдымен ол елде бизнесті дамытуға қандай жағдай жасалғанына, содан соң сыбайлас жемқорлық қаупін жою мәселесі қалай реттелгеніне мән береді. Құқықтық саясатты зерттеу орталығының сарапшысы Денис Примаковтың айтуынша, 4 мыңнан астам қызметкері бар бола тұра, жалғыз комплаенс офицер жұмыс жасайтын компаниялар бар.

«Адами ресурс жетіспейді. Бұл қызметке тәжірибесі жоқ мамандар қабылданып, жұмыс сапасына әсер етіп отыр. Компаниядағы антикор мамандардың санын жалпы қызметкерлер санына байланысты саралауды ұсынамын. Мысалы, 1000-ға дейін адам жұмыс істесе 1 қызметкер, егер 1000-нан көп болса, онда одан да көп болуы керек» - дейді маман.

Ольга Сафонова талқылау аясында комплаенс офицері бұл жеке мамандық, болашақта өз бөлімшелері мен кәсіби ортасы қалыптасады. Кәсіпорындағы тәуекел, ішкі бақылау және қадағалау, заң талаптарына сәйкестігі, этикалық мінез — құлық, ақпараттық және технологиялық қауіпсіздікке тікелей жауап беретін қызметкер екенін жеткізді.  

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметі басқармасының басшысы Нұрдәулет Сәмет, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Гүлнар Бижанова, сондай-ақ 350-ден астам заңгер, комплаенс-офицер, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздік мамандары қатысты. Форумда Қазақстанға «Комплаенс туралы Заң» қажет пе деген мәселе көтерілді.

Шарада «Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі комплаенс проблемалары мен даму тенденциялары» зерттеуінің қорытындысы таныстырылды. Зерттеуге барлығы 722 респондент қатысқан, оның 70% - дан астамы қазақстандық компаниялар.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив