Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы халық алдында есеп берді.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы халық алдында есеп берді.

        Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Сағынтайұлы Төлебаев «Zoom» режимінде халық алдында есеп берді. Елорда тұрғындары оған сұрақтарын қойып, арызбен, ұсыныспен және өтінішпен жүгінді.

Елордалық полиция Департаментінің басшысы  есептік кездесу барысында өткен жылдың жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы, сондай-ақ «Қазақстан полициясының сервистік моделі» пилоттық жобасын жүзеге асыру және полиция жұмысына «Жұртқа жақын полицей» қағидатын енгізу барысы туралы айтты. 

2021 жылдың  қорытындысы бойынша қылмыстың барлық түрлерін ашу деңгейі жақсарған. Нұр-Сұлтан қаласы - қала тұрғындары мен қонақтарының тұруына қолайлы әрі қауіпсіз қала болуы үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

«Жыл басынан бері оң беталыс байқалады, қылмыс жасау 5,5% төмендеген, яғни  елордада қылмыстардың тіркелуі одан әрі төмендеуі мүмкін деген болжам бар», - деп атап өтті Марат Төлебаев. 

Есірткі қылмыстарына қарсы күресте есірткіні сату, жарнамалау және елорда арқылы тасымалдау фактілерін анықтауға басты назар аударылуда. Заңсыз айналымнан 169 кг есірткі, оның ішінде 2,3 кг «героин» тәркіленді. Есірткі әзірлеумен айналысатын үш зертхана қызметінің жолы кесілді,  5 кг-дан  астам «синтетика» тәркіленді. 

Марат Төлебаев қоғамға белсенділік танытқандары үшін  алғыс білдірді. ҮЕҰ, еріктілердің және спорттық ұйымдардың қатысуымен 248 алдын алу шаралары өткізілген.

Азаматтардың ақпараттары бойынша 40 есірткі сайттары бұғатталған. Сондай-ақ басшы: «Біз «Нұр-Сұлтан – есірткісіз қала» 2022-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарлама әзірледік, онда есірткіге қарсы іс-қимылды күшейту бойынша бірқатар шаралар қарастырылған»,-деп атап өтті.

Департамент бастығы тұрғындармен кездесу барысында қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу, полиция қызметінің ашықтығы, сервистік модельге көшу туралы мәселені ерекше атап өтті. «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының аумақтарында «Қазақстан полициясының сервистік моделі» пилоттық жобалары   жүзеге асырылуда. Пилоттық жобалар енгізілген уақыттан бастап учаскелік инспекторларды тану деңгейі үш есе өскен, олардың жұмысы туралы жарияланған ақпарттар саны артқан. Учаскелік инспекторлардың күнделікті жұмыс процестері ретке келтірілген, қазіргі уақытта олардың халықпен жұмыс істеуіне уақыты  жеткілікті. 

Қоғамдық орындарда қызметкерлердің тұрақты қатысуын қамтамасыз ету мақсатында полиция жұмысына «Жұртқа жақын полицей» қағидаты енгізілуде.

Өткен жылы қала бойынша 10 модульдік стационарлық полиция бекеті орнатылды. Учаскелік полиция пунктінің саны 27-ден 41-ге көбейді.

Полицияны шұғыл шақыру және дабыл сигналын беру үшін адамдар көп жиналатын орындарда 13 «SOS» дабыл батырмасы орнатылды.

Полиция Департаментінің бастығы полиция қызметіндегі басқа да негізгі  бағыттардың бірі - құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылатынын атап  өтті. Бұл жерде тәртіп сақшыларына құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар, атап айтқанда консьерждер, жедел жастар жасақтары, күзет құрылымдары, қоғамдық кеңестер, еріктілер, ІІО ардагерлері айтарлықтай көмек көрсетеді. Мемлекет басшысы 2022 жылды «Балалар жылы» деп белгіледі.

Осыған байланысты мектеп әкімшілігімен және ата-аналар комитеттерімен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыстар қайта қаралды.  

1 қаңтардан бастап мектеп инспекторлары лауазымдары қысқартылды. Енді ювеналдық полиция қызметкерлері мектептерде отырмайды, олар бекітілген учаскелерде, оның ішінде білім беру мекемелерінің аумақтарында алдын алу жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Департамент басшысы жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру басымды бағыттардың бірі екенін, халықаралық тәжірибені ескере отырып, елордада жол қауіпсіздігі бойынша кешенді жоспар іске асырылып жатқанын атап өтті.

Көлік құралдарын масаң күйде жүргізу фактілері айтарлықтай алаңдатады. Масаң күйде көлік жүргізгені үшін жауаптылықтың күшейтілгеніне қарамастан, 1 892 мас жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылған, 1 382 жүргізуші әкімшілік қамауға алынған, ЖКО жасағаны үшін 33 жүргізуші қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

Марат Төлебаевтың айтуынша: полиция құқық қорғау функцияларын атқарумен қатар,  халыққа әр түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Олардың көпшілігі ХҚКО және Мамандандырылған ХҚКО арқылы көрсетіледі.

Өткен мерзім ішінде  1 млн. 245 мың қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде азаматтарды тұрғылықты жерлері бойынша тіркеу, азаматтық қаруды тіркеу, жеке куәліктерді және паспорттарды ресімдеу және тағы басқалары бар. 

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында 91 % қызмет түрі электрондық түрде көрсетіледі. Жүйені 95 % дейін автоматтандыру жоспарланып отыр.

Департамент қызметінде  ең негізгі басымды бағыттардың бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екені, оның ішінде тәртіп пен заңдылықтың бірінші орында тұрғаны ерекше атап өтілді.

Полиция Департаментінің бастығы өз баяндамасын аяқтағаннан кейін азаматтардан келіп түскен, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен барлық сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдады. Тұрғындар уақытша тіркелу, жол қауіпсіздігі, қала сыртындағы жолдарға қосымша бағдаршамдар орнатуға қатысты сұрақтар қойды. Тұрғындар халықпен тығыз байланысты жұмыс жасап жатқан участкелік инспекторларға алғыс білдірді.

Кездесу соңында Марат Төлебаев барлық қала азаматтарына белсене қатысқандары үшін алғыс айтты және  азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімі, қылмыстылықпен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – осының бәрі полиция жұмысының басты міндеті болуы тиіс деді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив