Мишель Симмонс Орталық және Шығыс Еуропадағы Microsoft бөлімшесін басқарады

Мишель Симмонс Орталық және Шығыс Еуропадағы Microsoft бөлімшесін басқарады

Microsoft Орталық және Шығыс Еуропа (ОШЕ) өңірінің 24 елінде операцияларын қадағалайтын өз бөлімшелерінің бас директоры лауазымына Мишель Симмонс тағайындалғанын мәлімдеді. Бұдан бұрын Мишель Орталық және Шығыс Еуропа бойынша Microsoft компаниясының маркетинг және өткізу бөлімінің басшысы қызметін атқарды, ал енді ол Microsoft Нидерланды еліндегі өкілдігін басқарған Анке ден Оуден ханымның орнына тағайындалды. Мишель жаңа қызметіне 1 сәуірден бастап кіріспек.

Мишель Microsoft корпорациясының Орталық және Шығыс Еуропа, Азия мен АҚШ елдеріндегі түрлі лауазымдарында жиырма жылдан астам уақыт еңбек етуде, оның білімі мен саладағы тәжірибесі мол. Осы уақыт ішінде ол бірқатар нарыкта стратегиялық өсу мен әріптестермен және тұтынушылармен қарым-қатынас орнатуға жауапты болды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жаңа нарықтары жөніндегі бас директор қызметінде Мишель Microsoft бизнесін Азия мен Тұнық мұхит аймағының ең жылдам өсетін нарықтар тізіміне енген 9 елде басқарып келді. Осы лауазымда цифрлық трансформация арқылы экономика мен компанияларды жаңғыртуға басты назар аударды.

Маркетинг және өткізу жетекшісі ретінде Мишель Microsoft бизнесін құрайтын ОШЕ 33 елінде клиенттер мен серіктестерде цифрлық түрлендіруді қамтамасыз ету мақсатында бизнес-стратегияны, өнім кірісін, маркетинг пен сатуды жүзеге асыруға жауапты болды.

 «Microsoft корпорациясының Орталық және Шығыс Еуропадағы көпұлтты аймағын басқару мүмкіндігін алғаныма өте қуаныштымын. Компаниялар мен үкіметтердің инновацияларды енгізу және трансформациялануға мүмкіндік беретін технологиялар потенциалы ешқашан мұндай зор болмаған, және мен аймақтың дамуына өз үлесімді қосу үшін біздің серіктестер мен тұтынушыларымызбен бірлесе жұмыс жасай бастауды асыға күтудемін», -деді Мишель Симмонс.

Мишель өзінің жаңа позициясында технологиядағы мықты адами капиталға негізделген Microsoft тұжырымдамасын алға жылжыту арқылы аймаққа одан әрі көмек көрсету үшін жауапты болмақ. Бұл тұжырымдаманың мақсаты – аймақты цифрлық даму орталығына, инновациялар мен жаһандық амбициялар арқылы адамдар, бизнес және қауымдастықтар өркендеп, дамитын орынға айналдыру. Өз тобымен бірге ол жергілікті клиенттермен, серіктестермен, кәсіпкерлермен және мемлекеттік сектордағы ұйымдармен бұлтты технологияны қолдана отырып, цифрлық трансформация және инновация бағытында жұмыс істейді, сонымен қатар барлық адамдар мен бизнес үшін мүмкіндіктер жасауға көмектесетін сандық дағдыларды дамытады.

Тағайындау туралы айта отырып, орталық және Шығыс Еуропадағы Microsoft Президенті Филипп Рогге: «Мишельдің стратегиялық және коммерциялық тәжірибесінің үйлесімділігі оны біздің команданың осы алуан түрлі әрі өте қызықты нарықта басқару үшін мінсіз кандидатура етті. Ол табанды, өз ісіне жауапты әрі жанашыр көшбасшы, Microsoft үздік тәжірибелерін тиімді пайдалануға және нарықты одан сайын бай, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі бәсекеге қабілетті экономика етіп өзгертуге мүмкіндік беретін қажетті дағдылар мен тәжірибесі бар», - деп атап өтті.

Баспасөз өкілдері үшін ескертпе:

*Multi-Country –Армения, Албания, Әзірбайжан, Беларусь, Босния және Герцеговина, Болгария, Хорватия, Эстония, Грузия, Латвия, Литва, Қазақстан, Косово, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Черногория, Солтүстік Македония, Сербия, Словения, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина және Өзбекстан, барлығы 24 елді құрайтын Орталық және Шығыс

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив