Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы азаматтардан коменданттық сағатты бұзбауды ескертеді

Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы азаматтардан коменданттық сағатты бұзбауды ескертеді

        Елордадағы жағдай тұрақты. Түнгі сағат 23.00-ден бастап таңғы 07.00-ге дейін "коменданттық сағат" жалғасуда.

Қала периметрі бойынша 6 блокбекет тәуліктік режимде жұмыс істеуде.  

        Бір тәуліктің ішінде қалада 9 қылмыс және 74 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде екеуі жарақат алды. 102 арнасына 1732 астам қоңырау түскен. Олардың көбі  анықтамалық сипаттағы хабарламалар. Қала тұрғындарын ауа-райына байланысты тас жолдың жағдайы, блокбекеттердің  жұмысы, сондай-ақ, құқық бұзушылық туралы мәселелер қызықтыруда.

Елордада бір күнде 177 адам төтенше жағдай режимін бұзған, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешімді сот қабылдайды.

Тәулік ішінде коменданттық сағат режимін бұзғаны үшін 8 кәсіпкерлік субъектісінің жұмысына тосқауыл қойылды.

Есіл ауданында 2 көңіл көтеру орны тарапынан коменданттық сағатты бұзу фактісі анықталды. «Maestro» караоке клубы мен «KINGDOM» рестобары комендант сағатын елемей, азаматтарды қабылдаған. Сонымен қатар, Кенесары көшесіндегі «Дыши» барында 35 адам болған.

Барлық тәртіп бұзушылар полицияға жеткізіліп, оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Мекемелердің лицензиясын кері қайтару мәселесі қаралуда. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді.

Елорданың комендатурасы коменданттық сағатты бұзбауды, азаматтардың тәртібі мен тыныштығын сақтауды ескертеді.

Барлық жасалып жатқан шаралар Сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жасалып отыр. 

Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасының Баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив