АИТВ-инфекциясы  мен ЖИТС  арасында  қандай  айырмашылық  бар?

АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС арасында қандай айырмашылық бар?

Көптеген   адамдар АИТВ-инфекциясы  мен ЖИТС-ты екеуі де  бірдей деп есептейді. Алайда олардың мұндай  пікірлері қате болып  табылады.АИТВ-инфекциясы  мен ЖИТС-тың  арасындағы  елеулі  түрде  айырмашылық бар, және оның қандай  екендігін  білуіміз  керек,  себебі   соңғы  жылдары  осы  ауру   адамзаттың  айтарлықтай  проблемасы  болып  табылады.

АИТВ—  бұл  организмге   еніп  алып,  адамның  иммун  тапшылығының  дамуына итермелейтін   вирус, оған   елеулі өзгерісті  туғызып, иммунды жүйесінің  әр  түрлі   вирустарға, патогенді бактерияларға және  селбесіп өмір  сүретін  жасушаларға қарсы  тұру мүмкіндігі жоқ қабілетсіздігіне  әкелмек.

ЖИТС —бұл    иммун  тапшылығы,  АИТВ-инфекциясы дамуының соңғы  кезеңіндегі  ауру. Науқастың  бойында  тек қана осы  сатысында  ауыр  сырқат  пайда  болып,  нәтижесінде  өлімге  ұшыруы мүмкін.

АИТВ-инфекциясы  мен ЖИТС  арасында қандай айырмашылық  бар? 

АИТВ — вирус, ал ЖИТС аурудың  кезеңі.

АИТВ-инфекциясы  кезінде  емдеу  іс-шаралары  организмнің қорғаныш қуатының жай-күйін  қолдауға бағытталады,  ал ЖИТС-ты емдеу  кезінде  иммунитеттің  бұзылуынан  туындайтын ауыр  сырқаттарды   емдеу жүргізіледі.

 Бірінші  кезекте АИТВ  мен ЖИТС   арасындағы  айырмашылық  шамамен 10-15 жыл  болатындығын айтуымыз  керек. Оның  мәні  сол–  АИТВ – иммун тапшылығына  байланысты аурудың  бастапқы  сатысы,  ал ЖИТС – осының соңғы сатысы. АИТВ ( адамның иммун  тапшылығы   вирусы)  организмді   әр  түрлі ауруларға  осал   етіп, иммунитетке   әсер  етеді,  ондаған  жылдан  соң  ЖИТС-ке (жұқтырылған  иммун  тапшылығы   синдромына)   ауысады, бұл  кезде  иммун  жүйесі  әбден   әлсіреп,  вирустар  мен  бактерияларға  қарсылық   ету қабілеті  болмайды.

Екі ұғым   арасындағы  айырмашылық  сол –   АИТВ-инфекциясы  кезінде   адам  бақытты да  толыққанды өмір  сүре   алады,  ал ЖИТС-кезінде – өте қиын, ауыр  да  өмір  сүретін  болады.Сондықтан, егер вирус  организмге  түсетін  болса, онда  дәрігер  мен пациенттің  басты  міндеті – аурудың дамуына  жол  бермеу болып  табылады. Организмге  түскен инфекция  дамуға  тиіс, ал қазіргі  заманға  сай  вирусқа қарсы  препараттар  осынау дамуды   барынша  баяулата  алады. АИТВ-жұқтырылған  адамдардың  уақытылы  және  дұрыс  емделуінің   арқасында ЖИТС-пен  ауырмастан,  толыққанды  ондаған  жыл  өмір  сүрген жағдайлары болған.

Вирустан  толықтай  арылу мүмкін  емес, дегенмен  қазіргі заманғы  медицина  иммунитетті  көптеген  жылдар  бойына  қалыпты  ұстап тұруға қабілетті. Осы  ауруды   уақытылы   анықтау мен  оны  дер кезінде   емдеудің  маңызы зор. АИТВ-жұқтырылған адамдар  осы ауруын  бақылауы,  дәрігерге ұдайы қаралуы   керек. Дәрі-дәрмек препараттарының   арқасында  ғана  дәрігерлер  аурудың  белгілі кезеңін  барынша ұзартуға  және оның ЖИТС-ке  ауысуын болдырмауға  тырысуда. Адам  АИТВ-ның белгілі  кезеңінде  еңбек  етуге жарамды болып  табылады және толыққанды өмір  сүреді. Сондықтан,  оны  организмнен  толық   аластату  мүмкін   еместігіне  қарамастан, АИТВ тағдырыңа жазылған  жаза  емес деп  сеніммен  айтуға  болады.

Барлық  адамдар  АИТВ-инфекциясы  мен ЖИТС  арасындағы  осынау  едәуір  айырмашылықты  білуге  тиіс,  себебі,  бұл  –  адамның түр- түсіне,  әлеуметтік  күйіне, тұратын  жері  мен ұстанған  дініне қарамастан таңдап жатпайтын  ауру.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының» дәрігер-эпидемиологы 

Айгуль Идрисова

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив