МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ ЛӘЗЗАТ ҚИЫНОВҚА АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ ЛӘЗЗАТ ҚИЫНОВҚА АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

7 желтоқсан күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Мемлекет қайраткері Ляззат Киинов» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кітапта Маңғыстау облысының тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері Ләззат Қиыновтың өмірбаяны қамтылған. Ол Қазақ КСР 12-ші шақырылымының депутаты, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, 1993-1995 және 1999-2002 жылдары Маңғыстау облысының әкімі, 2002-2003 жылдары «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының президенті, 2011-2013 жылдары «Қазмұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері. Жинақтың бірінші бөліміне публицист Шархан Қазығұлдың «Қырандар төбеге қонбайды» деректі повесі енгізілсе, екінші бөлімде Ләззат Кетебайұлының мақалалары мен сұхбаттары топтастырылған.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев шараға қатысушыларды ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Ләззат Қиыновтың Қазақстанның дамуы жолында еткен қызметіне тоқталып, еңбегін атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив