ТАЛДЫҚОРҒАНДА «ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ - КӨШКЕРУЕНІ» САЛТАНАТТЫ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА «ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ - КӨШКЕРУЕНІ» САЛТАНАТТЫ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Кездесудің басты мақсаты Тәуелсіздік алған жылдардан осы уақытқа дейінгі облыс аумағына қоныстанып, ел тірлігіне етене араласып, әр салаларда еңбек етіп жүрген,1991 жылы Тәуелсіздігімізбен бірге атажұртқа көш басын бұрып, аңсап келген бауырларымыздың басын қосу.
Тәуелсіздіктің – Көш керуені Елбасымыздың Нұрлы – көш бағдарламасы аясында жүзеге асып, Республикамызға 1,5 млн., оның ішінде Жер Жаннаты Жетісу өлкесіне 218 мыңға жуық қандастарымыз келіп тұрақты қоныстанған.
Шараға:
- Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы - Рахмет Разбекұлы Есдәулетов;
- 1991 жылы Монғолия елінен арнайы көш бастап келген - Сағат Заханқызы және Аятхан Тұрысбекұлы;
- Алматы облыстық «Қандастар» қоғамдық бірлестігінің басшысы - Сансызбаев Құрметбек Сансызбайұлы
- "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы;
Сондай-ақ, облыстық басқармалар, қандастарымыз бен Тәуелсіздік құрдастары қатысты.

Салтанатты кездесуде Құрметбек Сансызбайұлының «Қазақ құндылығы ұлт ұлылығы» және «Жылдар жылнамасы» кітаптабының тұсауын кесті.
Бұл кітаптарда автор – оқырман қауымға ұлт ұлылығының негізін тереңінен тербеп, ел ертеңі жастарымызға нарықтық қоғамның технологиялық жылдамдығына қазақы құндылықпен атсалысуға дәріптейді.
Кітаптардың тұсауын кесу рәсімін өткізуге Алматы облыстық Жазушылар одағының төрағасы Әміре Әрін және жазушы, ақын Жүкел Қамайұлын қатысты.
2021 жылы Алматы облысынан 6023 этникалық қазақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдады. Соның ішінде төртеуі Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тұспа – тұс келіп, Қазақстан Республикасының азаматтығына өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив