Мыңнан аса зияткер домбырашылар флешмобын өткізді

Мыңнан аса зияткер домбырашылар флешмобын өткізді

Қазақстанның барлық қалаларында ҚР Тұңғыш Президенті мерекесіне орай Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобын ұйымдастырды. Еліміздің түкпір-түкпірінде бір мезетте мыңнан аса домбырашы қазақ күйлерін орындаған болатын.

Мысалы, елордадағы Халықаралық мектептің оқушылары Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» және халық күйлері «Тепең көк» пен «Келіншекті» ойнады.

–  «Ұлы Дала мұрагерлері» флешмобы жыл сайын барша зияткер оқушы мен ұстаз домбырашылардың басын қосып келе жатыр. Жылда қаланың ірі ойын-сауық орталықтарында өтетін шара биыл пандемияға байланысты мектеп қабырғасында өтті. Шара оқушылардың ұлттық дәстүрі мен музыкасына, оның ішінде көнеден келе жатқан серігіміз – домбыраға деген айрықша ілтипаты. Көппен бірге, ансамбльде күй ойнау – бірлік пен ынтымақтастыққа тәрбиелейтінін де айту керек, – деп бөлісті мектептегі домбыра үйірмесінің жетекшісі Қазбек Атамбаев.

Қазақтың қара домбырасы мен күйлерін насихаттауды мақсат еткен шара осымен жетінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив