«МЫҢ БАЛА»  ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ  ШЫҚТЫ

«МЫҢ БАЛА» ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҚТЫ

2021 жылғы 16 қарашада сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында (Б.Момышұлы даңғылы, 5) Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылауға арналған іс-шара өтті.

 «Мың бала» жобасының мақсаты – түрлі этностық топтардың мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларын, жастарын мемлекеттік тілді оқыту процесінде қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына (мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына) баулу арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға үлес қосу.

Аталған іс-шараға  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, шығармашыл және ғылыми зиялы қауым, жоба жеңімпаздары, мемлекеттік тілді оқыту әдіскерлері, жастар ұйымдарының белсенділері мен мүшелері, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өз сөзінде елдегі татулық пен бірлікті нығайту сияқты асқаралы міндет жүктелген Қазақстан халқы Ассамблеясы да өз қызметінің басымдықтарының бірі ретінде мемлекеттік тілді дамыту бағытында дәйекті жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті

Іс-шара барысында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының екі номинациясы бойынша өңірлерде ұйымдастырылған «Өнер алды – қызыл тіл» және «Өнерлі өрге жүзер» конкурстарының жеңімпаздары марапатталды.

Бүгінгі таңда елімізде 5644 ұйым балаларды қазақ тілінде оқытып-тәрбиелейді, 3798 қазақ мектебі жұмыс істейді. Достық үйлерінде, республиканың этномәдени бірлестіктерінде 174 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, оларда мемлекеттік тілде оқытатын 124 топ бар.

Қазақстанның барлық этностары мемлекеттік тілдің осы жаңа әлеуметтік рөлін қолдайды, оның өміршеңдігіне және біріктіруші әлеуетіне сенеді.

Биылғы «Мың бала» жобасы аясында «Тіл мектебі» авторлық курсы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тіл үйретудің инновациялық бірегей әдістемелерімен өңірлерден келген 15 әдіскер таныстырылды және маңызды іс-шараға түрлі этностардың жастары – 37 тіл үйренуші қатысты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив