Жас ғалымдардың толқыны АӨК дамытуда жаңа технологияларды табысты жасап, қолданатын болады - Ербол Қарашөкеев

Жас ғалымдардың толқыны АӨК дамытуда жаңа технологияларды табысты жасап, қолданатын болады - Ербол Қарашөкеев

2021 жылы 28 қазанда Ербол Қарашөкеев Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болып, бірегей «Ақылды жылыжайдың» ашылуына қатысып, жас аграрлық ғалымдармен және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті.

Министр Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агроуниверситет» оқу тәжірибелік шаруашылығы базасында Корея Республикасының делегациясымен бірге «ақылды жылыжайдың» ашылуына қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген ведомство басшысы жобаның барлық қатысушыларына Қазақстанның аграрлық ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, елдегі аграрлық сектор экономиканың басым салаларының қатарына кіретінін атап өтті.

«Ауыл шаруашылығындағы ғылыми білім мен әзірлемелер ауылдағы әл- ауқаттың, өмір сапасының өсуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуі тиіс. Біз бұл бағытта озық технологияларды тартуға тиіспіз. Олар бізге еңбек өнімділігін және өңделген өнім экспортын арттыруға көмектеседі деп сенемін. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда серпіліс жасауға мүмкіндік беріп, жалпы АӨК саласын одан әрі дамыту "Ақылды технологиялардың" еншісінде», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оқу-тәжірибелік шаруашылықта инновациялық жылыжайды пайдалану: университеттің студенттері, магистранттары мен докторанттарына көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын практикада игеруге, жылыжай шаруашылығының "смарт-технологиялары" бойынша ауыл кәсіпкерлері үшін түрлі семинарлар, тренингтер өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жылыжайда ғалымдар агротехникалық, ұйымдастыру-шаруашылық және қорғау іс-шаралары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, көкөніс дақылдарының әртүрлі сорттарының фенологиялық фазаларына мониторинг жасайды.

Бұдан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі ҚазҰАЗУ ахуалдық орталығында жас аграрлық ғалымдары және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті.

Ербол Қарашөкеев өз сөзінде АӨК дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғайып келе жатқанын, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-ның еншілес ұйымдарын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келтіру және бизнес қажеттіліктеріне бағдарлау мақсатында трансформациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, АӨК субъектілерінің ғылыми әзірлемелерді енгізуге арналған шығындарын субсидиялауды енгізу жоспарлануда, бұл қазіргі заманғы технологиялар мен инновацияларды енгізу үшін қосымша экономикалық ынталандыруларға жол ашады.

«Біздің ұрпақ, жас ғалымдар АӨК дамытуда жаңа технологияларды табысты жасап, қолдана беретініне сенімдімін», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Сөз соңында Ербол Қарашөкеев ҚазҰАЗУ-дың ғылыми-инновациялық инфрақұрылымын аралап, университет алдына бірқатар міндеттер қойды.

           

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Brooks 8 сентября 2023 05:00

    My programmer is trying to persuade me to move to .net from PHP.

    I have always disliked the idea because of the expenses.
    But he's tryiong none the less. I've been using Movable-type on numerous websites for
    about a year and am anxious about switching to another platform.
    I have heard great things about blogengine.net. Is there a way I can import all my wordpress posts into it?
    Any kind of help would be really appreciated!

    Feel free to visit my site :: online apotheek in Nederland
    die reductil 30 verkoopt

  2. аватар
    Jamey 26 января 2024 14:53

    Hello just wanted to give you a quick heads up. The text in your post
    seem to be running off the screen in Safari. I'm not sure if this is a formatting issue or something to do with internet browser compatibility but I thought I'd post to
    let you know. The layout look great though! Hope you get the issue resolved soon. Many thanks

    Feel free to surf to my site - achat vedatan Belgique en ligne

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив