Шығысқазақстандық студенттер жазушы Жәди Шәкенұлымен кездесті

Шығысқазақстандық студенттер жазушы Жәди Шәкенұлымен кездесті

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында қазақстандық жазушы Жәди Шәкенұлымен Amanzholov University студенттерінің кездесуі ұйымдастырылды. Жарқын жүздесуде жазушы өзінің өмір жолы мен шығармашылық жетістіктерін баяндап, қазақтардың қоныс аудару тарихы туралы маңызды фактілермен бөлісті.

Жазушы, тарихшы, академик, Қазақстан Жазушылар одағының және Еуразиялық Жазушылар одағының мүшесі Қытай Халық Республикасының Алтай өңірінде дүниеге келіп, ер жеткен. Тарихи отанына көшкенге дейін жазушы ауыл мектебінде мұғалім, Алтай қалалық радио және теледидарының дикторы, қазақ СУАР радиосының тілшісі болып жұмыс істеді.

Қазақстанға көшкеннен кейін Жәди Шәкенұлы 1997 жылдан бастап "Балқаймақ", "Қытайдағы қазақтар", "Бір уыс сәуле", "Қаралы көш", "Жалғыздың үні", "Жәнібек батыр" сияқты бірқатар кітаптар шығарды. Автордың туындылары шетелде де жарық көрді. Мәселен, Қытайда "Ақбота", Түркияда "Ақбалапан" кітабы басылды. Шығармаларында Қытай коммунистері мен Алтайда, Гималай мен Қытайдың Тарбағатай аймағында тұратын қазақтардың қайғылы тағдырлары, сондай-ақ отандастардың Еуропаға қоныс аударуы туралы айтылады.

– "Ұстазсыз шәкірт тұл" деген бір жақсы сөз бар. Сәрсен Аманжолов атындағы білім ордасындағы шәкірттермен кездесу бақытының бізге бұйырғаны үшін ұлы Алтайдың бауырында, Ертістің жағасында осындай бір күздің мамыражай қоңыр шағында сыр ағытып, сұхбаттасып, ой бөлісу мені айрықша қуанышқа, шаттыққа бөледі. Өзімнің қаламгер, ұстаздық аға ретіндегі ағымнан жарылған лебізімді шәкірттерге баяндап беріп, қуанып қалдым, толқып тұрмын. Сондықтан баршаға көп-көп рахмет айтамын. Қазағымыздың туы көк жүзінде мәңгілік желбірей берсін, сол тудың бауырындағы осы білім ұясы да өзінің шәкірттеріне құнарлы, нәрлі білімдерін бере берсе екен деп тілеймін, – деді Жәди Шәкенұлы.

Айта кетейік, жазушының стилі ерекше және оның шығармалары тек тарихи фактілерге негізделген, сонысымен көпке қызық. Шығармашылық кездесуде асқан қызығушылықпен сұрақтарын жолдаған студенттердің белсенділігі оған дәлел.

– Әрине, Жәди Шәкенұлының шығармашылығына қызығушылық таныттым. Көбісі оны білмеуі мүмкін. Бірақ оның жұмысы мені бей-жай қалдырмады. Ол Қытайдағы қазақтардың өмірі туралы зерттеумен айналысқанын білемін. Жәнібек батыр туралы шығармалар да маған ұнайды, сондай-ақ басқа да көптеген тарихи зерттеулері бар. Жастар оның кітаптарын оқуы керек деп есептеймін, – деді С.Аманжолов атындағы ШҚУ университетінің студенті Балнұр Ережеп.

Студенттердің пікірінше, мұндай кездесулер өте пайдалы және нәтижелі, себебі жас ұрпақ бүгінгі күннің батырларынан үлгі ала ер жетуі керек.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив