«Бизнес пен инвестицияларды қорғау»

«Бизнес пен инвестицияларды қорғау»

 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда ел Президентінің Жарлығы бойынша микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салынғаны белгілі. Бұл шешім бизнестің құқық қорғау және бақылаушы органдардың іс-әрекеттеріне, ШОБ қатысты рейдерлік жағдайларының жиілеуіне байланысты көптеген проблемаларға тап болуымен түсіндірілді. Сондай-ақ, сол кезде Мемлекет басшысы бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін кез-келген әрекет мемлекетке қарсы қылмыс ретінде қарастырылуы керек деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысының осы бағыттағы саясатын қолдай отырып, ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Атамекен» ӨКП және «Kazakh Invest» ҰК АҚ өңірлік филиалымен бірлесіп, өңірде қолайлы инвестициялық ахуал құруға және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасын іске асыруда. Бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісім жасасқан кәсіпкерлер бизнесті мемлекеттік органдардың олардың қызметіне заңсыз араласуынан қорғауда қажетті қолдау алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу мәселелері бойынша инвесторларға орын алған проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында құқықтық көмек, кеңес беру, хаттамалық кеңестер көрсетіледі. Жобаны насихаттау мақсатында брошюралар/флаерлер әзірленіп, қоғамдық орындарда, әлеуметтік желілерде, мүдделі мемлекеттік органдарда орналастырылды. Департамент келісім тарапы ретінде кәсіпкерді жосықсыз шенеуніктер тарапынан кез келген бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтан 100% қорғап, туындайтын проблемалық мәселелерді заңнама шеңберінде шеше отырып, еріп жүреді". Жобаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде қажетсіз әуре-сарсаңға және шатасуға әкеп соғуы мүмкін әкімшілік кедергілерді анықтауға ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ, бизнесті қорғауды күшейту мәнмәтінінде Қылмыстық кодекске кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіргені үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілгенін атап өту қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15 бап бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау құқығы берілген, оның 2-бабы кәсіпкерлік қызмет саласында (ӘҚБтК-нің 154 және 173-баптары), бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің шетелдік және отандық инвесторларды қорғау тұрғысынан әлеуетін күшейте түседі.

Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа көбінесе түрлі ұсыныстар енгізілуі мүмкін екендігін ескеру қажет, мысалы, Қаржы министрінің а.ж. 2 қыркүйектегі Үкімет отырысында жосықсыз кәсіпкерлердің салық төлеуден жазасыз жалтару мүмкіндігін жою ретінде микро - және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторийді жою қажеттігі туралы мәлімдемесі.

Сонымен қатар, келіп түскен осындай ұсыныстарды қарау нәтижелеріне қарамастан, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бизнес өкілдерін олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғай отырып, «Protecting business and Investments» жобасын іске асыруды жалғастыруда, бұл ретте жалғыз шарт кәсіпкердің заң шеңберінде адал бизнесті жүргізуі болып табылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив