Таразда жарылыс кезінде қаза тапқан әскери прокурорды еске алды

Таразда жарылыс кезінде қаза тапқан әскери прокурорды еске алды

 

Бүгін 2021 жылғы 17 қыркүйекте, Тараз қаласында, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери прокурор, әділет полковнигі Арман Қуанышұлы Қапезовты еске алу мақсатында Оңтүстік өңірдің әскери прокуратурасы ғимаратының қасбетіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылуы өтті.

Рәсімді Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Дастан Сартаев пен Арман Қуанышұлының анасы Ділда Қапезова ашты.

Арман Қапезовтің ерлік іс-әрекеті ешқашан ұмытылмайды және жас ұрпақ оны әрдайым есте ұстауы керек.

«Арман Қуанышұлы адамдарды топтастыра білетін және әріптестер арасында құрмет пен беделге ие болатын. Ол өзінің мықты ішкі мәдениетімен, ерекше ақылымен және жоғары адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленетін. Арманның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі қалады», – деді Дастан Сартаев.

Сонымен қатар іс-шараға Бас прокуратураның Кадрларды дамыту департаментінің бастығы Мұрат Тілеубердиев, Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров, облыс Әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет, әскери және аумақтық прокурорлар, сондай-ақ Арман Қапезовтің туыстары мен жақындары қатысты.

Олар мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданының №28349 әскери бөлімінде оқ-дәрілердің жарылуынан Оңтүстік аймағының әскери прокуроры қаза тапқан болатын. Оның төрт баласы қалды.

Ерлігі мен жанқиярлығы үшін Арман Қапезов Мемлекет басшысының Жарлығымен І-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды (қайтыс болғаннан кейін). 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив