Департамент бастығы жұмыс сапарымен аудандық пробация қызметтерінде болды

Департамент бастығы жұмыс сапарымен аудандық пробация қызметтерінде болды

Бүгін, 17.02.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиев аудандық пробация қызметтерін аралап, инспекторларының жұмыс барысымен танысты. Департамент бастығы жұмыс сапарын Сырдария аудандық пробация қызметінен бастады.

Департамент бастығы аудан әкімі Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлымен және консультативтік -кеңесші орган төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Нұртазаев Талғат Мейрамханұлымен қызметтік кездесу өткізіп, пробация қызметі есебіндегі сотталғандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, квота бойынша жұмысқа орналастыру төңірегінде өз ұсынысын айтып,алдағы атқарылуға тиісті жоспарларымен бөлісті.Сонымен қатар департамент бастығы аудан прокуроры Ерлан Алмазұлымен және аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ибраев Нұрлан Мерғалиұлымен кездесті.Одан соң пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандардың үйін аралап,қайта қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылық жасамау керектігін ескертіп,түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмыс сапары Жалағаш,Қармақшы аудандық пробация қызметтерінде жалғасын тапты.

Іссапар барысында пробация қызметінің жұмысына қадағалау жүргізуші аудан прокуроры Маханбетжанов Мейрамбек Жаңбырбайұлымен, пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға бірлесіп бақылау жүргізуші Қармақшы аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ақтаев Бағдат Әбдімұратұлымен және сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін жергілікті атқарушы органдарына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Омаров Жарқынбек Тұрманұлымен кездесу өткізіп, пробация қызметінде туындаған мәселелерді көтеріп, бірігіп жұмыс атқаруға шақырды.
Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың мекенжайларына барып, олардың әлеуметтік жағдайын зерделеді, сұрақтарына жауап беріп,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Департамент бастығының жұмыс сапары Байқоңыр қалалық  пробация қызметінде жалғасын тапты. Пробация қызметкерлеріне заң талаптарын мұқият орындап, сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс-әрекеттерді мүлдем болдырмау және оны түп-тамырымен шабуға бар күш-жігерімізбен күресуді тапсырды. Сонымен қоса, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы полиция полковнигі А. Ахметовпен кездесіп, пробация қызметімен өзара іс-қимыл жасасу жай-күйеуімен танысты.

Одан соң, қала прокуроры Н. Рахметовпен кездесіп, қызмет барысындағы сұрақтар талқыланды. Департамент бастығымен есептегі бірнеше  сотталғанның тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, олардың тұрмыс жағдайымен танысып, олармен қайта қылмыстың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.         

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

  1. аватар
    Corey 30 августа 2023 18:14

    Do you have a spam problem on this blog; I also am a blogger,
    and I was curious about your situation; we have developed some nice procedures and we are looking to
    trade strategies with other folks, why not shoot me
    an email if interested.

    Here is my web page :: Garry

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив