Ендігі саяси қызметшілерге арнайы біліктілік талаптары қолданылады

Ендігі саяси қызметшілерге арнайы біліктілік талаптары қолданылады

Мемлекет Басшысының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №485 Жарлығымен жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға арнайы біліктілік талаптары бекітілді.

Енді саяси лауазымдарға үміттенген тұлғаларға білімі, құзыреттері және еңбек өтілі бойынша талаптар қамтитын болады.

Мұнымен қоса, саяси қызметшілер ғаламдық пайымдау, тиімді коммуникациялық дағдылар, стратегиялық ойлау және көшбасшылық секілді қасиеттерге ие болу керек.

Біліктілік талаптары салалық министрлігі мен облыс әкімінің белгілі бір салаға жетекшілік ететін орынбасарларына, сондай – ақ қала, қалааралық аудан және аудан әкімдеріне қолданылатын болады.

Мәселен, үміткерлерге аудан әкімі лауазымын иелену үшін 11  талаптың біріне сай болуын қажет етеді. Солардың бірін атап айтсақ:

  • еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызметте 2 жыл және кейбір санаттағы төмен емес (C-3, D-3, С-О-3 – облыстық деңгейдегі басқарма басшысы, C-R-1 – аудандық деңгейдегі басқарма басшысы, D-O-2 – облыстық басқарма басшысының орынбасары, E-2 - аудан әкімі аппаратының басшысы, E-R-1 – бөлім басшысы) басшы лауазымдарда 1 жыл тәжірибесі бар болуы;
  • еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда 1 жыл тәжірибесі бар және білім, ғылым, мәдениет және спорт саласындағы әлемдік деңгейдегі жарыстарда ең жоғары жетістіктерге ие болған жағдайда;
  • еңбек өтілі 4 жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда 2 жыл тәжірибесі және ғылыми дәрежесі бар болуы.

Жалпы, мемлекеттiк саяси қызметшiлердің қызметi саяси - айқындаушы сипатқа ие, саяси мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыруға жауаптылықта болатын лауазымды тұлғалар болып табылады.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысында 21 саяси қызметші еңбек етуде (облыс әкімі, оның орынбасарлары, қала, қалааралық аудан және аудан әкімдері).

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив