Ақмола облысында «Игі істер уақыты» акциясы жалғасуда

Ақмола облысында «Игі істер уақыты» акциясы жалғасуда

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында «Игі істер уақыты» акциясы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері азаматтарға тегін кеңес беру бойынша Көкшетау қаласының бейімдеу орталығында іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында құжаттандыру, электрондық-цифрлық қолтаңбаны алу, мобильді азаматтар базасында тіркелу және басқа да әлеуметтік қызметтерді электрондық түрде Egov.kz порталы арқылы алу бойынша консультативтік көмек көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова еріктілер жылы шеңберінде мемлекеттік қызметшілер арасында #ИгіІстерУақыты акциясын жариялап, барлық мемлекеттік қызметшілерді осы қозғалысқа белсенді қосылуға шақырды.

Жыл басынан бері Ақмола облысында осы акция аясында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік және киім түрінде материалдық көмек көрсету, жалғыз басты қарт адамдарға шаруашылық жағынан көмек көрсету, емделуге мұқтаж адамдарға қаржылық көмек көрсету сияқты бірқатар іс-шаралар өткізілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив