М. Әблязовтың қылмыстық қоғамдастығындағы  сыбайласы сотталды

М. Әблязовтың қылмыстық қоғамдастығындағы сыбайласы сотталды

 

А.ж. 15 қазанында Алматы қаласы Медеу аудандық № 2 сотының Мұхтар Әблязовтың қылмыстық қоғамдастықтағы тағы бір сыбайласы, Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған Ибрагимов Рүстем Шамильевичке қатысты айыптау үкімі шықты.

Сот оны банк ұйымдарында кәсіби қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Ибрагимов "БТА Банкі "АҚ №2 Корпоративтік бизнесті несиелік талдау департаментінің директоры, несиелеу жөніндегі басқарушы директор лауазымдарын атқарды және бас банктің несиелік комитетінің мүшесі болды.

Ол қылмыстық қоғамдастықтың басшысы Мұхтар Әбілязовтың бақылауындағы компанияларға несие беру туралы заңсыз оң шешімдер қабылдауға жәрдемдесті.

Бастапқыда Ибрагимов өз кінәсін мойындап, тергеуге көмектесті және ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы қолхат берді, бірақ қылмыстық қоғамдастық басшыларының ықпалымен жасырынуға шешім қабылдады.

Нәтижесінде, 2010 жылдан бастап Ибрагимов қамауға алу бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуде болды. Ол Қырғызстан азаматының жалған құжаттарымен жасырынып жүрді.

Сонымен қатар, Ибрагимов 2017 жылғы желтоқсанда БАӘ құқық қорғау органдарына ұсталғаннан кейін, ол өзін Қырғызстан азаматы - Рустам Мұхтаров ретінде таныстыруды жалғастырып, Қазақстанның резиденттігін жоққа шығарды.

Тергеу органы 2 жылдан астам уақыт бойы Рустам Мұхтаровтың атына жазылған құжаттардың жалған екенін, оның Қазақстан азаматтығына жататынын дәлелдеп, оны Рүстем Ибрагимов ретінде тану туралы шаралар қабылдады.

Ол үшін Қазақстан, Қырғызстан және БАӘ құқық қорғау органдары жұмылдырылды.

Нәтижесінде, БАӘ Әділет министрлігі қазақстандық тарап ұсынған барлық дәлелдерді зерделеп, Ибрагимовтың құжаттары мен айғақтарының жалғандығына көз жеткізді және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады.

Биыл 4 наурызда Ибрагимов Қазақстанға қайтарылды.

Әбілязовтың өзін қоса алғанда, халықаралық іздеуде жүрген 16 күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Іздеудегі бірнеше адам тікелей немесе өздерінің жақын туыстары арқылы Қазақстанға өз еркімен оралуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Олардың келуіне жәрдемдесу және бұрын таңдалған жолын кесу шараларын жеңілдету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл тек күдікті тұлғаларды іздестіру, ұстау және экстрадициялау бойынша ғана жүзеге асырылмайды.

Осы ретте, қазақстандық тарап бастамашылық еткен халықаралық тергеу тапсырмаларының негізінде Еуропалық Одақтың бірқатар елдері мен басқа юрисдикциялардың құқық қорғау органдары Әбілязов пен оның сыбайластарына қарсы өз тергеулерін бастады.

Осы өндірістер аясында тығыз халықаралық-құқықтық ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив