Жеке тұлғалардың жер салығы және мүлік салығы

Жеке тұлғалардың жер салығы және мүлік салығы

 

Жер учаскелеріне, мүлікке, сондай-ақ көлікке салық төлеу мерзімі жақындап келеді.

Жеке тұлғалар үшін бюджетке көлік құралы бойынша салық төлеу мерзімі салық кезеңінің 1 қазан айынан  кешіктірілмейтін күн болып табылады.

Сіз жоғарыды айтылып өткен салық түрлерінің салық төлеушісі болып табыласыз, егерде Қазақстан Республикасының аумағында сіздің атыңызға:

  • тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және басқа да құрылыстар тіркелген болса, онда сізге мүліктік салық төлеу қажет (БСК – 104102);
  • жер учаскесі тіркелген болса, онда оған тиісті жер салығы салынады (БСК – 104302);

Төмендегілер жер салығын төлеушілер болып табылмайды:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша, кәмелетке толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша; үй жанындағы жер учаскелері бойынша; жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша; гараждарға орналасқан жер учаскелері бойынша;
  • "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналар": тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша; үй жанындағы жер учаскелері бойынша;
  • Бөлек тұратын зейнеткерлер: тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша; үй жанындағы жер учаскелері бойынша.

Келесілер мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

  • Кеңес Одағының батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған адамдар, "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналар, мүгедектер - меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер - меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде;
  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге;
  • салық базасы салық кодексінің 529-бабына сәйкес айқындалатын және есептеуді салық кодексінің 532-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін объектілерді қоспағанда кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданыны бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

Өндірістік емес төлемдер бөлімі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив