Антикор азаматтық қоғам қатарынан 80 мың белсендімен өзара іс-қимыл жасайды

Антикор азаматтық қоғам қатарынан 80 мың белсендімен өзара іс-қимыл жасайды

 

А. ж. 24 шілдесінде өткен онлайн-брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы азаматтық қоғам қатарынан Агенттік серіктестерінің саны 80 мың адамды құрайтынын хабарлады. Бұл небәрі 1300 ғана қызметкері бар Агенттіктің жалпы санынан 60 есеге көп..

Өткен жылдың соңында қабылданған заңнамалық өзгерістерге сәйкес білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы кешенді шаралардың көмегімен парасаттылық идеологиясын қалыптастыру сұрақтарында жетекшілік ету функциясы Агенттіктің құзырына берілген.

Ғанижан Асанұлы өз сөзінде қоғам мүшелерінен жасақталатын арнайы мониторингтік топтардың, ақпараттық-ағарту штабтарының және «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің маңыздылығын атап өтті.

«Ақпараттық-ағарту штабының белсенділері танымал әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы  нөлдік шыдамдылық қалыптастыру тақырыбында 380 мыңдай адаммен қаралған 1000-нан аса тікелей эфир өткізді», - деді Ғ. Асанұлы.

Пандемия жағдайында АМТ мүшелері блок-бекеттер мен қоғамдық маңызды нысандарға мониторинг ұйымдастырды, мемлекеттік гранттарды тағайындау үшін сұраныстарды қарау барысындағы комиссияның жұмысы мен ҰБТ тапсыру кезінде сыртқы бақылауға белсенді қатысты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының дәрі-дәрмектерді алыпсатарлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері, арнайы мониторингтік топтар, сондай-ақ азаматтық белсенділерінен құрылған жұмыс топтары 2500-ден астам дәріханаларға, 200 медициналық бұйымдар қоймаларына, 250 аурухана мен емханаларға мониторинг жүргізген. Нәтижесінде 200-ден астам бұзушылық анықталды.

Ең көп таралған бұзушылықтардың қатарында: бағаны көтеру, дәрі-дәрмектерді мамандандырылған үй-жайлар мен дәріханалардан тыс сату, лицензиясыз дәріханалардың жұмыс істеуі.

Анықтама ретінде:

Елордалық дәріханаларда «Амлодимед» және ЦЕФ-3 препаратының бағасы үштен бірге қымбат бағада сатылған.

Қарағанды, Ақмола, Жамбыл және Павлодар облыстарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды азық-түлік базарларында және азық-түлік дүкендерінде қайта сату фактілері анықталды.

Нұр-сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өз қызметін лицензиясыз жүзеге асырған дәріханалар анықталды.

Қостанай облысында облыстық аурухананың лауазымды тұлғасына қатысты өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарын 35%-ға жоғары бағамен жеткізуге шарт жасасу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Нақты бағасы 520 мың теңге болған жағдайда сатып алу 702 мың теңге жоспарланған (шығын Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қорытындысымен расталған).

Қызылорда облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2 орынбасарына қатысты 17,4 млн теңгенің өкпені жасанды желдету стационарлық аппараттарын сатып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аппараттар «СК-Фармация» ұсынған бағадан 3 есе жоғары бағаға сатып алынған.

Жасанды тапшылыққа жағдай жасаған жеке жеткізушілердің қоймаларында сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің ірі партияларының кешіктірілу фактілері анықталды.

Мәселен, Қарағанды облысында қоймаларда сатылмаған дәрі-дәрмектердің (парацетамол, аспирин) 600 мың қаптамасы анықталды. Мониторинг қорытындысымен олар жедел дәріханаларға жеткізілді.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық органдарына материалдар жіберілді.

Есепті кезеңде ӘКБК-нің 424 (заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет, айыппұл – 70 АЕК) және 426 (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы ережелерді бұзу, айыппұл – 70 АЕК) баптары бойынша 65 әкімшілік хаттама тотырылды.

Бұдан басқа, Алматы қаласы мен Алматы облысында 10 млн астам медициналық масканы заңсыз жүзеге асырудың жолы кесілді. Нәтижесінде олар жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Келіп түсетін медициналық препараттар мен бұйымдарды жымқыру және қайта сатуға жол бермеу мақсатында Сovid-19-ға қарсы күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмекті бөлу процесі жұртшылықты тарта отырып бақылауға алынды.

Гуманитарлық көмекті сүйемелдеу барысында Агенттік қызметкерлері денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық мекемелердің қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қаптамаларда «Гуманитарлық көмек – тегін» мөрі қойылып, бұл тауарды одан әрі мақсатсыз пайдалану тәуекелін төмендетеді.

Қазіргі уақытта Катар, ҚХР, БАӘ-дан келген гуманитарлық көмек сүйемелденді.

Ресей, Өзбекстан, ДДҰ, Түркия және Германиядан келген гуманитарлық көмек тасымалдау кезеңінде тұр.

Чехиядан Алматы қаласына келген гуманитарлық көмек бөлу сатысында.

Агенттікпен «СҚ-Фармация» ЖШС-не пандемиясына қарсы күрес кезеңінде келген гуманитарлық көмекті әрбір өңірге дейін бөлуді ескере отырып, тізбелер мен көлемдерді қоса алғанда, барлық ақпарат туралы ашық түрде орналастыруды ұсынды. Бұл ақпарат «СК-Фармация» ЖШС сайтында орналастырылған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив