ҚР ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы отырыс өтті

ҚР ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы отырыс өтті

 

2020 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына өңірлер бойынша кандидаттар ұсыну қорытындылары туралы баяндады.

Отырыс барысында Ортсайлауком төрағасы Берік Имашев "2020 жылғы 13 маусым мен 12 шілде аралығында республика бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлығы 94 кандидат ұсынылды. Салыстырмалы түрде, 2017 жылы Сенатқа кезекті сайлауда 89 кандидат ұсынылған, 2014 жылы – 88, 2011 жылы – 96 кандидат ұсынылған болатын".

Осылайша, Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттарын сайлаудың соңғы төрт сайлау науқаны бойынша сенатордың бір мандатына ұсыну қорытындысы бойынша орташа есеппен 5-тен астам үміткер келеді.

Биылғы жылы үміткерлердің көпшілік саны Алматы облысында – 9, Нұр-Сұлтан қаласында – 8, Алматы қаласында – 7 адамнан ұсынылған, ал аз үміткерлер Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында 4 үміткерден ұсынылған.

Сенатқа қазіргі сайлау барысында өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланғандар саны – 82 кандидат немесе 87% (салыстырмалы түрде, 2017 жылы - 92,1%, 2014 жылы - 82,9%, 2011 жылы - 82,7%). Бұл ретте мәслихаттар 12 кандидат ұсынды (2017 жылы 7 немесе 7,9%).

Сондай-ақ, Б.Имашев сайлау науқандарындағы әйелдердің саяси белсенділігін атап өтті: ұсынылған үміткерлердің ішінде 19 әйел бар (2017 жылы - 13, 2014 жылы - 5, 2011 жылы - 6).

Үміткерлердің орташа жасы 51,1 жасты құрайды (2017 жылы – 51,9, 2014 жылы – 54,1; 2011 жылы – 53,3). Ең жас үміткер 30 жаста, үміткерлер арасында едәуір жоғарғы жас – 69 жас.

Мамандықтар бойынша: 29 – инженер, 20 – экономист, 12 – педагог, 10 – заңгер, 10 – аграрлық сала қызметкерлері, 7 – дәрігер, 3 журналист, 1-саясаттанушы, және  1 басқа мамандық иесі.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: коммерциялық құрылымдардың 38 қызметкері; мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 23 қызметкері; 18 мемлекеттік қызметші, 9 қоғамдық ұйымдардың өкілдері, 2 жұмыс істемейтін адам бар. Сондай-ақ, қызмет атқарып отырған 4 сенатор өз кандидатураларын ұсынды.

Қазіргі уақытта Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылғы 13 шілдедегі жағдай бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сайлау комиссиялары Сенат депутаттығына 62 кандидатты тіркеді.

Сайлау науқаны сайлау заңнамасына сәйкес өтуде және ҚР Орталық сайлау комиссиясының тұрақты бақылауында

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив