ЕЛОРДАДА ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚТЫ НАСИХАТТАЙТЫН БИЛБОРДТАР ОРНАТЫЛДЫ

ЕЛОРДАДА ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚТЫ НАСИХАТТАЙТЫН БИЛБОРДТАР ОРНАТЫЛДЫ

«Адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында халқымыздың ұлы тұлғалары мен алаш зиялыларының мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері көрсетілген баннерлер әзірленіп, билбордтарға орналастырылды.

А.Құнанбайұлының 175 жылдық және Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында дара тұлғалардың тәртіпке, еңбекке, тәрбиеге жетелейтін «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», «Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту» сынды қанатты сөздері көрсетілді.

Әділдік пен адалдықты ту еткен дана тұлғаларымыз
Әл-Фараби, А.Құнанбайұлы, Б.Момышұлы, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлихановтың сөздері қала көшелерінде, аялдамаларда, аэропортта, ақпараттық мониторлар мен лэд экрандарға орналастырылды.

Сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, халықты Агенттіктің «1424 Call-орталығымен» хабардар ету және қала тұрғындарымен ортақ мүдде үшін бірлесіп қызмет атқару мақсатында билбордтарға «1424 Call-орталығының» нөмірі орналастырылды.

Call-орталықтың операторлары агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап беріп, сыбайлас жемқорлық фактілері, құқық бұзушылықтар жөнінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларын тәулік бойы қабылдайды.

Аталған жұмыстар көрнекі ақпараттар арқылы қала тұрғындарын кең көлемде қамтуға бағытталған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив