ТӘЖІРИБЕМЕН АЛМАСУ

ТӘЖІРИБЕМЕН АЛМАСУ

Елбасы қойған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мықты мемлекеттік аппарат қажет. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейіне көбірек талаптар қойылады.

Мәселен, қойылған міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік қызметші өз білім деңгейін үнемі қолдап, біліктілігін арттыруды, қайта даярлау және тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

Әрине, әрбір мемлекеттік қызметшіні оқыту тұрақты сипатта болуы тиіс, яғни «базалық» білім беру нәтижесінде алған білімін жаңарту және өзінің кәсіби қызметінде пайдаланатын жаңа білім алу мақсатында оның барлық кәсіби мансабы бойы жүзеге асырылуы тиіс.

Оқыту түрлерінің бірі мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасы болып табылады. Тағылымдама мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім мен тәжірибе алуы мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама Ережесіне сәйкес өткізіледі.

Мемлекеттік қызметші  мемлекеттік органдарда оның ішінде жоғары тұрған (төмен тұрған) органдарда, оның қызметінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұйымдарда, сондай-ақ шетелдік ұйымдарда  тағылымдамадан өте алады.

Тағылымдама мерзімдері мемлекеттік органдар бекіткен тиісті кестелермен айқындалады және үш айдан аспайтын мерзімге белгіленеді. Тағылымдамадан өтудің ең аз мерзімі - 5 күн.

Тағылымдама - бұл жұмыс тәжірибесін алу, теориялық білімді бекіту тәсілі. Әрбір тағылымдама жұмыс кезінде әсер ететін оң тәжірибе әкелуі мүмкін. Алынған дағдылар мен білім жас маманның өсуі мен дамуына берік негіз болады.

Тағылымдаманың ажырамас элементі жеке жоспар болып табылады, онда тағылымдаманың даму мақсаттары мен нақты іс-қимылдарының тәртібі көрсетілген, олар тағылымдамадан өтіп жатқан қызметшілердің орындауын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 Жалпы, тағылымдама маманның кәсіби деңгейін көтеруге көмектеседі, бұл өз кезегінде қызметкердің өзі үшін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік ведомство үшін де өте маңызды.

Тағылымдамадан өту нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер алған білімдерін болашақ жұмысында қолдануға мүмкіндік беретін білімдерін шыңдайды, дағдылайды.

           

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

Павлодар облысы бойынша МҚІАД

Р.С. Мажитова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив