ЕЛОРДА ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА  АДАЛДЫҚ САҒАТТАРЫ ОНЛАЙН ӨТТІ

ЕЛОРДА ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТТАРЫ ОНЛАЙН ӨТТІ

Жастардың бойында адалдықты, парасаттылықты сіңіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен барлық оқц орындарында тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде. Бүгін кезекті «Адалдық сағаты» елорданың барлық оқу орындарында қашықтан оқытуға көшуге байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды. Президент Қ.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті. Биылғы жылы Абайдың 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы - «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай». Дәріс - жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды. Аталған акция Нұр-Сұлтан қаласының барлық 88 мектебін, 35 колледж, 11 ЖОО қамтыды. Бейне дәрісті тамашалаған жастар қауымы өздерінің ойларын жарыса жазды. Соның бірі, Дарынды білім-инновация ер балалар лицейінің 11 сынып оқушысы Кенжин Дәулет Бүгінгі «Адалдық сағатында» менің түйген ойым - ол ұлы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз айтқандай «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек». Қазіргі уақытта балалардың көбісі кішкентай жасынан бастап адалдықтан алыстап жатады, ол әр ісінен көрінеді. Мысалға, оқушылар бастауыш сыныптардан бастап бір-бірінен көшіруді бастайды, бұл іс әрекетімізбен тек мұғалімді, ата-анамызды ғана емес ең бірінші өзімізді алдаймыз. Жас ұрпақты жастайынан жақсыға үйрету үшін мектептерде, колледждерде және үниверситеттерде «Адал ұрпақ» клубтары құрылған. Бұл бастамалардың барлығы еліміздің ертеңгі тірегі, жастардың бойында адалдық, әділдік, адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға арналған арна. Біздің ұлы Абай атамыздың еңбектерін оқып қарасақ үнемі адал еңбекті, елін сүйетін адалдық қасиетін дәріптегенін көреміз. Сондай еңбектерінің бірі 37-қара сөзінде адал еңбекпен жасалған іс адамшылықтың белгісі екенін түсіндірді. Әрбір істі өз қолыңмен, адал еңбегіңмен жасауың керек, жай ғана көшіріп алып жүре берсек, жоғары оқу орнында да қиын болып, бітіргенде өзіне сенімсіз, жеткілікті білімі жоқ маман болып шығасың. Оның қандай пайдасы болады. Қорытындылай келсек, адал еңбек қана алға жетелейді. Дарынды ер балаларға арналған Білім-инновация лицей интернатының 11 "Б" сынып оқушысы Құлмырза Дінмұхаммед Өте дұрыс. Толықтай келісемін. Мемлекетіміздің, жалпы әр адамның үлкен проблемалары - алдында жасап қойған кішкентай проблемалардан туады. Мысалы, көшіріп алу немесе кішкене ғана алдау кейін алауыздыққа, жемқорлыққа алып келеді. Сондықтан, менің ойымша, барынша қазірден бастап өз-өздерімізді тәрбиелеуіміз қажет, кітап оқып, Абай атамыздың қара сөздерін түсініп, өздерімізді жетілдіруіміз керек! Мен Нұр-Сұлтан қаласы БИЛ 11 В сынып оқушысы Жеңіс Болсын, бүгінгі әділдік сабағынан менің түйгенім өте көп және бұл мен үшін өте маңызды деп санаймын. Бұл видеодан алған ойымды мен бір ұлы дананың сөзімен бастағым келеді: «Егер әділетсіздіктің бойалғанын көрсең қолыңнан келсе өз қолыңмен түзе болмаса сөзіңмен. Ал бұл екуінде жасай алмасаң жүрегіңмен жиіркен» - деген. Біз оқушы ретінде жемқорлықты тежеу үшін қолымыздан айтылған алдыңғы екі шарт келмейді, біз тек жүрегімізбен бұл істің бізге зиян екенін түсініп, өз басымызды және жолдастарымызды әділетсіз іс жасаудан алыс болуға шақыру керекпіз. Ал әділеттің стандарты Абай данамыздың шығармаларында кездестіре аламыз. Ислами жағынан да бізге адалдықтың үлгісін қалдырды. Біз Абайдың сөзін оқу және оны өмірде қолдану арқылы өзіміздің және бізден кейінгі ұрпақ әділ, парасатты қоғамда өмір сүруін қамтамасыз ете аламыз. Мен, Музарапша Нұрлыхан 11 сынып оқушысымын. Мен бұл видеоның көрерменге және жас ұрпаққа үлкен пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Себебі, Абайдан үйренген адамның жаман адам болмайтыны сөзсіз. Абайдың артына қалдырған өнегесі - өшпес әрі ұмытылмас мұра. Мен әрбір қазақ баласының Абай атамыздан үлгі алуы тиіс деп ойлаймын. Сіздердің жастарға тигізіп жатқан пайдаларыңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Мен, Елубаев Қайсар. Бұл видео маған және барлық оқу орындарында оқып жатқан жастарға пайдалы болады деп ойлаймын. Себебі, Абай атамыздың бізге қалдырған өшпес өнегесі, шығармалары қай уақытта болмасын өзекті болары сөзсіз. Осындай видеолардан жастар өздеріне керекті қасиеттерді алып, рухани кемелденеді деп сенемін. Жастар үшін пайдалы материалдар жасап жатқан сіздерге барлық оқушылардың атынан алғыс айтқым келеді. Жұмыстарыңызға алдағы уақытта да сәттілік тілеймін! Бейне-дәрістен кейін қалдырған пікірлердің санында шек жоқ. Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау мақсатында жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив