«ANTIKOR.LIVE»: қашықтықтан оқыту мәселелері талқыланды

«ANTIKOR.LIVE»: қашықтықтан оқыту мәселелері талқыланды

 «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында ШҚО арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Станислав Каримов және облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Доржанова бірлесіп қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді.

Шығыс Қазақстанда барлығы 648 мектеп, соның ішінде алыс елді мекендердегі шағын комплекті мектептер де қашықтықтан оқытуға көшті. Облыста оқытудың 2 түрі: интернет және телесабақ арқылы оқыту ұйымдастырылған.

Тікелей эфир барысында Айгүл Доржанова мамыр айында БЖБ мен ТЖБ барлық сыныптарда қашықтықтан өтетінін айтты.

Тапсырмаларды мұғалімдер өздері жасайды. Бір күнде бір пән бойынша БЖБ мен ТЖБ болмау керек және мұғалімдер күніне 3-тен артық жиынтық бағалауға жол бермеулері керек. 9, 11 сынып түлектері бітіру емтихандарын тапсырмайды. Қорытынды баға жылдық бағалау нәтижелері бойынша қойылады. Сондай-ақ жылдық қорытынды бағалар негізінде "Алтын белгі" беріледі", - деп атап өтті Айгүл Доржанова.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге маусым айында 6 473 түлек қатысады.

ҰБТ-ны өткізудің болжамды мерзімі 20 маусымнан 5 шілдеге дейін. Ұлттық тестілеу орталығы 11 сынып оқушыларына әр пән бойынша онлайн-тест дайындады. Олар тестілеу орталығының сайтында орналастырылған. 11-сыныптың соңғы тоқсанының тақырыптары ҰБТ – ны өткізу үшін қойылатын сұрақтарға қосылмайды, - деді Айгүл Доржанова.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив