СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі: ТЖД басшылығы тарапынан бақылаудың жоқтығынан жемқорлыққа жол берілуде

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі: ТЖД басшылығы тарапынан бақылаудың жоқтығынан жемқорлыққа жол берілуде

СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас маманымен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың себеп-салдары «Antıkor ortalyǵy» талқыланды.

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының үкімімен СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас маманы Е..К. Құлақпаевқа параның 30 еселенген сомасында, яғни 3 млн. теңге көлменде айыппұл салынған еді.

Айыпталушы күзет қызметін көрсетушінің объектіде міндеттерін тиісінше орындамағанын, яғни күзетшінің жұмыс орнында жоқтығын байқаған соң, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға бағытталған қылмыстық ниетке бел буды.

«2020 жылдың 29 қаңтарында Е.К. Құлақпаев өзінің жұмыс кабинетінде «Қол сұғылмаған қорлар» қоймасын күзету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылықтар фактісі бойынша шара қолданбау үшін ЖШС директорынан 100 мың теңге көлемінде пара талап еткен. ЖШС-нің басшысы сотталушының талаптарын орындау үшін «Beeline» сервис-орталығында POS-терминал арқылы Е.Қ. Құлакпаевқа тиесілі «Beeline Card» шотын жалпы сомасы 100 000 теңгеге толықтырды», - деді СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Максим Ганжа.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның пайымдауынша заң бұзушылыққа жол беруге бірнеше себеп болды. Оның ішінде: СҚО ТЖД басшылығы тарапынан бағынысты қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін сақтауына және мүлтіксіз орындауына бақылаудың болмауы және СҚО ТЖД жеке құрамы арасында кадрлық қызмет жүргізетін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тиісті алдын алу жұмыстарының болмауы.

Осы факті бойынша Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығына, сондай-ақ осы қызметтің кадр саясаты бөлімінің бастығына «қатаң сөгістер» жарияланды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив